Облыстық сотта қос мерекенің құрметіне арналған салтанатты жиын өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 05:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық сотта қос мерекенің құрметіне арналған салтанатты жиын өтті

7 Мая 2018 (11:11) | 1889 | Автор: Нурганым Имашева

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облыстық сотында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне арналған салтанатты жиын өтті.Аталған жиынға Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Нұрсапа Примашев, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, доғарыстағы судьялар және Соттар әкімшісінің басшысы мен сот қызметкерлері қатысты.

 

 

Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Н.Примашев:

-Бұл мереке  – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы мәңгілік желбіреген күн болып, тарих беттеріне алтын әріптермен жазылды. Қан майданда қаза тапқан майдандас достарының аманатын арқалап, елге пана, Отанға қорған болған ардагерлердің ерен еңбегі алдында мәңгілік қарыздармыз,- деп, елге бейбітшілік пен тұрақтылық, барлық қатысушыларға денсаулық пен бақыт тіледі.

 

Одан әрі судьялардың қатарында Ауған соғысына, Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге Құрмет грамоталарын тапсырып, олардың ерлігі мен батырлықтары үшін алғыс білдірді.

 

 

 Сонымен бірге қос мереке қарсаңында сот жүйесінің өркендеуі мен сот реформаларының жүзеге асырылуына үлес қосып,  сот төрелігін атқаруда еңбектің жоғарғы сапасын қамтамасыз еткені үшін бірқатар судьяларды сот төрағасының алғыс хаттарымен марапаттады.

 

 Өз кезегінде ақ тілегін білдірген Соттар әкімшісінің басшысы Хыдыр Бегалиев өз міндеттерін мінсіз атқарып, жұмыста  белсенділік пен аса жоғары жауапкершілік танытқаны үшін сот қызметкерлеріне Алғыс хаттар тапсырды.

 

 

Мерекелік іс-шара соңы М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.

 

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему