″Нұр Отан″ партиясына - 19 жыл
Курс валют в Актау
на 30/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
30 Апреля, 01:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

″Нұр Отан″ партиясына - 19 жыл

2 Марта 2018 (20:02) | 2929 | Автор: Нурганым Имашева

Биыл "Нұр Отан" партиясына - 19 жыл. Осыған орай, облыстық партия филиалында мерекелік шара өтті. Жиынға партия ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Шара барысында Елбасының "Тәуелсіздік дәуірі" атты кітабының таныстырылымы өтті.

 

 

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық депуаттық фракциясының мүшесі Қуанышбек Әбдірахман ардагерлерді партияның мерейлі мерекесімен және «Алғыс» күнімен құттықтап, ел дамуна қосқан сүбелі үлестері мен ерен еңбектері үшін алғыс айтты.

 

-Сізді  жыл мерзіміндегі шуақты көктем мезгілінің алғашқы күнімен, мейірімділік пен ыстық ықыласы, құрметі мен ізеті қатар аталатын алғашқы мереке «Алғыс айту» күнімен және «Нұр Отан» партиясының мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

 

 

Еліміз бен жеріміздің амандығын тілей отырып, әр таңы арайлы, әр күні мерейлі, болашағы сенім мен мол мүмкіндіктерге жол ашатын Қазақ Еліміздің әрқашан абыройы асқақ, тұғыры биік болсын, отбасыңыз бен айнала-жұртыңыз береке-бірлік, тату-тәтті тірлікте болсын, ізгі ісіңіз табысты, шығармашылық пен ықыласқа толы болсын деген жүрекжарды тілегімді білдіремін!» - деді облыс депутаты.

 

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық депуаттық фракциясының мүшесі Қуанышбек Әбдірахманаймақта жүзеге асырылып жатқан «Жомарт жүрек», «Асар» қайырымдылық акциялары аясында өтіп жатқан ізгілік шараларына атсалысты. Елағасы 1 шағынауданда  орналасқан қариялар үйіне барып, ондағы ақсақалдарға  ел игілігін арттыру жолында  ұзақ жылдар атқарған еңбектері үшін алғыс айтты және қариялар үйіне қажетті фотоаппаратты сыйға тартты.

 

Суреттерді түсірген  Серік Майемеров

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему