Құрметті маңғыстаулықтар!
1 Мая 2020 (09:26) | 1746 | Автор: Редакция
Баршаңызды еліміздегі шұғылалы мереке - бейбітшілік пен тыныштық, ұлтаралық келісімнің алтын арқауына айналған Қазақстан халқының Бірлігі күнімен құттықтаймын!
Қазақ халқы тарихтың сан қилы сын сағаттарында тонның ішкі бауындай ұжымдасқан ауызбіршілігінің арқасында ғана бүгінгі мерейлі күнге абыроймен жетіп отыр. Бұл күн ұлан-байтақ қазақ жерін мекендеген түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара сыйластығы мен құрметі, бір-біріне деген ыстық ықыласының айқын айғағы деуге болады. Татулық пен ынтымақтастық салтанат құрған біздің азаматтық қоғамның сарқылмас байлығы, баянды тәуелсіздігіміздің, қоғамдағы тұрақтылық пен тұтастықтың басты тірегі де осы.
Әрине, қазіргі таңда еліміз күрделі кезеңді бастан өткеруде. Тосыннан келген қиындықты иық тірестіре бірге еңсеру, тасбекем тәртіп пен ұйымшылдық биігінен бой көрсету баршамызға жүктелген азаматтық парыз деп білемін. Сондықтан бұқараның төзімділігі мен ортақ жауапкершілігі қатерлі індетке төтеп берерлік қуатты қаруымызға айналуы тиіс. Тәуелсіздік пен теңдіктің, қадір-қасиеті мол егемен елдіктің нәтижесінде алда тарихтың талай белестерін бағындырарымызға сенім мол.
Бірлігіміз жарасып, берекеміз арта берсін!
Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему