Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде жаңа тағайындау
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 21:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде жаңа тағайындау

24 Сентября 2021 (20:12) | 2072 | Автор: Редакция

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы И.Күлшімбаевтың бұйрығымен «Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау майоры Мирбек Амонқосұлы Қараев тағайындалды.

Маңғыстау облысы ТЖД бастығы подполковник Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Мирбек Қараевты өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басқарма аппаратына таныстырды.

«Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтық қорғау майоры Мирбек Амонқосұлы Қараев болды.

Мирбек Қараев Тәжікстан Республикасы Қорған Төбе облысы, Хотлонд ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2009 жылы Орталық Азия университетін, 2017 жылы ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Отузбаев» ЖК жүргізушісі болып бастаған.

2005-2007 жылдары – «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының Ақтау қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі.

2007 жылдың сәуірінен 2007 жылдың маусымына дейін – «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының Ақтау қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің аға респираторшысы.

2007 жылдың маусымынан 2008 жылдың қыркүйегіне дейін «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының Ақтау қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

2008 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың қазанына дейін Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Ақтау қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

2008 жылдың қазанынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ әскери-жұмылдыру дайындығы және арнайы жұмыстар бөлімінің аға инженері.

2009 жылдың шілдесінен 2011 жылдың қыркүйегіне дейін Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Ақтау қаласы № 9 техникалық қызмет өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.

2011 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жетібай кенті № 11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы.

2012 жылғы қаңтардан 2012 жылғы желтоқсанға дейін Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Ақтау қаласы № 9 техникалық қызмет өрт сөндіру бөлімінің бастығы.

2013 жылғы қаңтардан 2014 жылғы қазанға дейін Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы өрт техникасы және күрделі құрылыс бөлімінің бастығы.

2014 жылғы қазан мен 2019 жылғы шілде аралығында – «ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің өрт техникасы және жабдықтары бөлімшесінің бастығы.

2019 жылғы шілде мен 2019 жылғы қыркүйек аралығында «ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел кезекшісінің орынбасары (өрт сөндіру басшысының аға көмекшісі).

2019 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы тамызға дейін – «ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру кезекшілік қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру басшысының орынбасары).

2020 жылғы тамыздан 2020 жылғы желтоқсанға дейін –  «Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы.

2020 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы тамызға дейін –  «Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі  бастығының орынбасары.

2021 жылғы тамыздан 2021 жылғы қыркүйекке дейін –  «Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы.

2021 жылғы 24 қыркүйектен бастап –  «Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесі мекемесінің бастығы

Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему