Үздік дәрігерлер марапатталды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 11:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үздік дәрігерлер марапатталды

21 Декабря 2017 (23:00) | 2282 | Автор: Нурганым Имашева

Ел Тәуелсіздігінің мерекесіне арналып облыстық қан орталығында аймақтың денсаулық сақтау саласының үздіктерін марапаттау салтанаты ұйымдастырылды.

 

 

Мерекелік шарада облыс әкімінің орынбасары Руслан Сакеев, денсаулық сақтау басқармасының басшысының м.а. Талғатбек Бапиев құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің өмірінде қасиетті мерекенің алар айрықша орнын атап өтіп, тәуелсіз мемлекеттің 26 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы әңгімеледі.

 

Салтанатты жиында «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен облыстық балалар ауруханасы балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Сұлтан Тұмашев марапатталды.

 

Одан бөлек, осы саланың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Алғыс хаты облыстық балалар ауруханасы жүйке жүйесі бөлімінің меңгерушісі Мария Алдабергенова және облыс әкімінің Алғыс хаты жас нәрестелер патологиясы бөлімінің меңгерушісі Сания Тарбаховаға табысталды.

 

 

-Тәуелсіздік мерекесіне орай еңбегім еленіп, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Алғыс хатымен марапатталып отырмын. Өте қуаныштымын.

 

Жалпы біздің бөлімде 25 қызметкер еңбек етеді. Бөлім 20 орынға есептелген, оның 18-і жүйке жүйесі ауруларына арналса, екеуі қайта қалпына келтіруге арналған.

 

 Одан бөлек оңалту бөлмесі мен ойын бөлмесі жасақталған. Біздің бөлімнің негізгі жұмысы неврологиялық ауруларға шалдыққан балаларды емдеу, ауыр халдегі науқастарға медициналық көмек көрсету, реабилитация жүргізу,- дейді Мария Алдабергенова.

 

Суреттерді түсірген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему