Білімді өреннің жеңісі
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 18:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Білімді өреннің жеңісі

1 Мая 2019 (10:19) | 2310 | Автор: Нурганым Имашева

Әрбір мектеп оқушысының өзінің қызығып оқитын сүйікті пәні болатыны белгілі. Сол пәнді бар ынта-шынтасымен оқып, оны тереңірек меңгеруге деген ұмтылысы жоғары болары сөзсіз. Өзі сабақ беретін пәнінен ерекше қабілетімен көзге түсіп, сыныптағы өзге оқушылардан дараланып, озат оқыған шәкіртін ұстаз да елеусіз қалдырмай, мұндай оқушыны өзгелерге үлгі етері анық.

 

 

Математика пәні десе ішкен асын жерге қоятын Ақтау қаласындағы №1 жалпы орта мектептің 5 Е сыныбының оқушысы Исаев Ильястың бойындағы қабілетін таныған ұстазы – математика пәнінің мұғалімі Өтебаева Сабира Тоқсейітқызы шәкіртінің үлкен білім додасына қатысуына ықпал етті.

 

Жыл басынан бастап, яғни 1 қаңтар мен наурыз айы аралығында М.В.Ломосонов атындағы Республикалық Ұлттық интернет олимпиада сайты математика пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының ХХ туры (NIO) өтетін болып, қабілетті оқушылар тізімі жасақталған кезде аталған білім сайысына Маңғыстаудан қатысқан 150 баланың арасында 5 Е сыныбының оқушысы Исаев Ильястың болуы кездейсоқтық емес болатын.

 

Аймақтың намысын қорғаған балалардың ішінде Ақтау қаласындағы №1 орта мектептен 5 пен 10-шы сынып арасында - 3 шәкірт, 1-ші сынып пен 5-ші сыныптардан да небары 3 оқушы білім сайысында бағын сынаған. Солардың ішінде оқ бойы озып, бәйгеден жеңімпаз болғаны – жалғыз Ильяс болыпты. Дарынды шәкірт аталған үлкен білім додасында оза шауып, жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Еңбегі ақталып, білім беріп жүрген шәкірті жоғары білім сайысында жеңімпаз атанған №1 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Өтебаева Сабира Тоқсейітқызынан озат атанған оқушысына мінездеме беруді сұрадық.

 

-5 Е сыныбының оқушысы Исаев Ильяс сыныпта ең белсенді, ақылды, қабілеті жоғары, еңбекқор шәкірттердің қатарында. Ол математика пәнін сүйеді, аса бір қызығушылықпен оқиды, сыныпта берілген есептер бойынша сауалдарға тез жауап берумен қатар, есепті де жылдам шешіп, қателеспейді. Сыныпта бәрімен тез тіл табысқыш, оны сыныптастары сыйлайды, олардың арасында беделі жоғары.

 

Болашақта Ильяс Қазақстан Республикасының өркендеп дамуына өзіндік үлесін қосатын, еліне, халқына пайдасын тигізер, ата-анасының мақтанышына айналатын жақсы азамат болып қалыптасады деп үміттенемін,- деп өз ойын білдірген ұстазы Сабира Тоқсейітқызы шәкіртінің келешегінен зор үміт күтетінін атап өтті.

 

«Тәрбие – тал бесіктен» деген халық даналығын ескеріп, білімді ұлды тәрбиелеп отырған отбасына тоқталсақ, Ильясты кішкентайынан өз бауырына басып, өнегелі тәлім-тәрбие беріп келе жатқан атасы - 1986 жылдың 30 шілдесінде КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің шешімімен «Мұнай саласының үздігі» атағын иеленген, бүкіл өмірінің 45 жылын еліміздің мұнай саласын өркендетуге, оның 35 жылдан астамын «Маңғыстаумұнайгаз» кәсіпорнын дамытуға арнаған еңбек ардагері, ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет атқарған, Қарақия ауданының Құрметті азаматы Есқабыл Исаұлы Баймағанбетов екенін атап өткен жөн. Тұңғыш немересі Ильясты өзінің ғибратты ғұмырын өнеге етіп тәрбиелеп отырған атасы Есқабыл Исаұлы ұрпағының білімді, алғыр, тәрбиелі, өжет болып ержеткенін қалайтынын жасырмады.

 

-Немерем Ильяс енді 13 жасқа толады. 1 жасынан бастап оны өзімнің тәрбиеме алдым, өйткені немелерімнің ең үлкені осы балам. Ильястың математикаға деген қызығушылығы өте жоғары, ойы жүйрік, бірнәрсені айта бастасаң болды, ойыңды тез түсініп, іліп әкетеді. Ұстаздары да мақтап отырады, сабақ үлгерімі жақсы.

 

Мені қуантатыны – немерем осыдан 1 жыл бұрын: «Ата, мен шешім қабылдадым, болашақта сіздің жолыңызды жалғап, мен де мұнайшы боламын» деді. Балама: «Ол үшін сен өте жақсы оқып, озат болуың керек» деп ақылымды айттым,-деген атасы ұрпағының қайсар да өжет мінезді болып қалыптасып келе жатқанына риза екенін білдірді.

 

Өзі мұнайшылар әулетінің ұрпағы болып келетін Есқабыл Исаұлының өз әкесі Иса да, атасы Баймағанбет те кезінде «қара алтын» өндіру ісіне мол үлес қосып, еліміздің игілігін арттыру жолында аянбай еңбек еткен жандар. Атырау мен Маңғыстау өңірлерінің мұнай саласын дамытуға атсалысқан. Есқабыл ағаның балалары да өз еріктерімен мұнайшы мамандығын таңдап, бүгінде бүтіндей бір әулеттің ұрпақтары мұнайшылар династиясы болып отыр.

 

Есқабыл Исаұлының өзінің дүниеге келу тарихы да өте қызық. Анасы еріне түскі асын кеніш басына апарып беріп келе жатқанда толғақ қысып, Есқабыл ұлын мидай жазық далада мұнай өндіріп жатқан качалкаға сүйеніп отырып босанып, көйлегінің етегіне орап, үйіне алып келген екен. Сөйтіп мұнайшы болу - кеніш басында өмір есігін ашқан Есқабыл ағаның шыр етіп дүниеге келген сәттінен-ақ маңдайына жазылса керек. Бүгінде ұрпақтар сабақтастығы жалғасқан Баймағанбет ақсақалдан өрбіген әулетте мұнайшы мамандығына деген адалдық өз жалғасын тауып келеді. Оның келесі тізбегін жалғастырушы – бүгінгі озат оқушы, Республикалық Ұлттық интернет олимпиада сайты ұйымдастырған математика пәнінен білім сайысының жеңімпазы атанған Ақтау қаласындағы №1орта мектептің 5 Е сыныбының оқушысы Исаев Ильяс болмақ.

 

Ертеңгі күні ел тізгінін қолына ұстар өскелең ұрпақтың білімді, тәрбиелі, алғыр, заман талабына сай бәсекеге қабілетті болып ержетуіне өскен ұясы, білім ордасы, айналасы түгел ықпал ететінін ескерсек, терең білім алу мен тәлімді тәрбие көрген жеткіншектің келешегіне зор үміт артылары сөзсіз.

 

Ендеше, білімге деген құштарлығының арқасында алғашқы үлкен жеңісіне жеткен Ильясты, оның ата-анасы мен ата-әжесі, ұстаздарын, білім сайысындағы ерен жетістігімен құттықтай отырып, қайсар ұлға алда алар асуларың, бағындырар биіктерің көп болсын, еліңнің, ұлтыңның мақтанышы бол деген тілегімізді арнаймыз!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему