Шекара қызметінің браконьерлікпен күрес шаралары туралы
1 Мая 2021 (18:40) | 2552 | Автор: Редакция
2021 жылғы 1 сәуірден бастап ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша департаменттері Каспий теңізі акваториясында жүзудің қолайлы режимін қолдау, браконьерліктің жолын кесу және су биологиялық ресурстарын қорғау бойынша бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде.
Шекарашылар мемлекеттік шекара режимін бұзған 56 адамды, аумақтық және ішкі су режимін бұзған 85 адамды, су ығыстыруы әртүрлі жүзу құралдарының 43 бірлігін, 220 мың метрден астам (220 шақырым!) желілер ұстады.
Браконьерлік торлардан 420-дан астам бекіре тұқымдас балық, 11 040-тан астам ұсақ балық және 21 итбалық шығарылды.
820 миллион теңгеден астам сомаға экономикалық залалдың алдын алды, құқық бұзушыларға 3,5 млн.теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.
Іс-шаралар жалғасуда.
ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему