Газды пайдаланудағы салғырттық – қауіптің басты себебі
Курс валют в Актау
на 06/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Мая, 20:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Газды пайдаланудағы салғырттық – қауіптің басты себебі

13 Декабря 2017 (23:34) | 1683 | Автор: Нурганым Имашева

Табиғи газды қолданып келе жатқанымызға жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, осы көгілдір отынды пайдалану ережесіне салғырт қарайтын жандар көп. Тек біздің облысымызда ғана емес, еліміздің әр аймағында тұтынушылардың газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбауы салдарынан әртүрлі оқыс оқиғалар болып жатқандығы жасырын емес. Тіпті қаламызда осындай салғырттықтың кесірінен бірнеше қайғылы оқиғалар орын алды. Ал әр тұрғын сақтық шараларын естен шығармай, әсіресе үйден шығар алдында газ плиталары мен қазандықтарын тексеріп шықса, мұндай оқиғалар кездеспес еді. 

 

 

 Міне, осы газ қондырғыларын пайдалану ережесін қала тұрғындарына тағы бір мәрте түсіндіру үшін және қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін «Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының» қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ түріңіз, құрметті қала тұрғындары.

 

 

Қыс мезгілінде түтіндік қақпақшалары бітеліп не мұз қатып қалмауы үшін тексеріліп тұрылуы қажет. Сонымен қатар улы газдан улану жағдайы көбінесе пештерді дұрыс пайдаланбау кезінде орын алып жатады. Бұл тұтынушылардың пешін жарамдылық  жағдайына аса мән бермеуінен, түтіндік тартымдылығын уақытылы тексеріп тұрмағандығынан болады. Пеш қаланған сылақтағы жарықтар немесе сызаттар арқылы улы газ үй ішіне тарайды. Үй ішіндегі газ деңгейінің 1% құрауы адамның улануына жеткілікті. Қазіргі таңда Ақтау қаласы аумағында 40 шақты көп қабатты тұрғын үйлер бар (28 метр және одан жоғары). Соның ішінде 8 жылыту қазандығы орналасқан. 

 

 

Тұтынушылардың газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбауы салдарынан мұржаның қатып қалуы мен бөлме ішін газ плитамен жылыту, улану, газды ауа қоспасының атылуынан өртену және оның соңы кісі өлімімен аяқталып жатқандығын күнделікті баспасөз құралдары мен телеарналардан да көріп, хабардар болып жүрміз.

 

Міне, осы газ қондырғыларын пайдалану ережесін қала тұрғындарына түсіндіру мақсатында қыркүйек айының 1-нен бастап  «Тұрғын-үй-2017» айлығы ұйымдастырылған болатын.

 

 

Айлық кезінде «Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы» РММ  қызметкерлері Құлманов А., Тенелхан Н., Абдираш Н., Айнабек Ж., Ордабаева Г., Түбекбаева Р., Шопанова Г. қала аумағындағы орналасқан көп қабатты тұрғын үйлерде және елді мекендерінде болып, қала және ауыл тұрғындары үшін арнайы жиналыс және аула аралау жұмыстарын өткізді.

 

Жиналысқа әсіресе ересектермен қатар жоғарғы сынып оқушылары да шақырылды. «Тұрмыста газды қауіпсіз қолдану», «Газ құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтау» деген тақырыпта әңгіме өрбіді.  Сондай-ақ жиын соңында ереже жазылған парақшалар таратылған. Үйіміздегі газ қондырғыларын дұрыс пайдалану – қауіпсіздіктің ең басты кепілі екендігін ескерткіміз келеді.

 

«Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының»

 инженері Гүлнұр Ордабаева

 

Суретті түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему