Маңғыстауда 2023 жылы 120 жаңа автобус пайдалануға беріледі
28 Февраля 2023 (13:22) | 2195 | Автор: Редакция
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, жаңа автобустар Ақтауға, аудандарға, оның ішінде «Ақтау-Мұнайлы» бағытына қатынайтын қоғамдық көліктерге беріледі.
Атап айтқанда, Ақтау қалалық №1, №3, №4, №5, №6, №7, №8, №9 маршруттарда 70 автобус, ауданаралық №107, «Ақтау-Батыр 2-Ақтау» бағытындағы маршруттарда 20 автобус жаңартылады.
Сонымен қатар, қалаарлық «Ақтау-Жетібай», «Ақтау-Құрық», «Ақтау-Таушық» бағытына 10 автобус қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Мұнайлы ауданішілік №13А «Маңғыстау-Қызылтөбе-Маңғыстау», «Маңғыстау-Батыр-Маңғыстау», «Маңғыстау-Баянды-Маңғыстау» бағытында 20 жаңа автобус қатынайтын болады.
-Ал, Ақтау қалалық және ауданаралық №107 маршрутынан босайтын 48 дизелді автобустар, Бейнеу ауданішілік, Жаңаөзен қалалық және ауданаралық бағыттарына бөлінеді,-деді Адайбек Қалиев.
Нақтылағанда Бейнеу ауданішілік №2, №3, №4, №5, №7 бағыттарына 20 – «Ankai» маркалы автобустар, Жаңаөзен қалалық №3, №5, №9, №11, №12 маршруттарына 18 – «Yutong» маркалы автобустар берілсе, ауданаралық «Ақтау-Ақшұқыр», «Ақтау – С. Шапағатов» бағдарларына 10 «Ankai» автобустары халыққа қызмет көрсетеді.
-Жобаны қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен автобустардың жалпы құнының 20% мөлшерінде аванстық төлем жасалатын болады,- деді Адайбек Қалиев.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему