Маңғыстаулықтардың салық бойынша қарызы 1 251,2 млн теңгеге жетті
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 11:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулықтардың салық бойынша қарызы 1 251,2 млн теңгеге жетті

25 Августа 2021 (14:48) | 905 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

2021 жылдың жеті айдың қорытындысы бойынша жеке меншіктегі жылжитын және жылжымайтын мүліктер бойынша салық берешегінің сомасы 1 251,2 млн. теңгені құрады.
22 795 жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша жалпы берешек сомасы 1 185,6 млн теңгені құрады, оның ішінде негізгі сомасы 919,9 млн теңге, өсімпұлдар – 265,7 млн теңге.
21 489 жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша берешек 47,4 млн теңгені құрады, оның ішінде негізгі сомасы 33,2 млн теңге, өсімпұлдар – 14,2 млн теңге.

Сонымен қатар, 20 739 жеке тұлғаның жер салығы бойынша қарыз 18,2 млн теңгені құрады, оның ішінде негізгі сомасы 10,8 млн теңге, өсімпұлдар – 7,4 млн теңге.
Салық заңнамасы салық міндеттемесінің орындалуын кешіктірген әрбір күн үшін өсімпұл есептеуді қарастырады, ал айыппұлдарды қолдану заңда көзделмеген.

Сонымен қатар, салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, салық органдары салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуды қамтамасыз ету үшін салық заңнамасында көзделген әдістерді қолдануға міндетті.
Бұл ретте салық заңнамасы банктердің салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге (заңды тұлға, жеке кәсіпкер, жеке тұлға) банктік шот ашудан бас тарту міндеттемесін көздейді.

Бұл ереже мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарға, білім беру жинақ салымы шарты бойынша банктік шоттарға қолданылмайды. Яғни, егер банктік шотты жеке тұлға осы мақсаттар үшін ашса, онда мұндай адамның салық берешегі болса да, банк оны ашудан бас тартуға құқылы емес.


Бұдан басқа, Салық кодексіне сәйкес салық берешегі 1 айлық есептік көрсеткіштен артық мөлшерде төленбеген жағдайда, салық берешегі туралы хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде төленбеген жағдайда салық органы сәйкес салық бұйрығын шығарады және оны Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және оның мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аймақтық жеке сот орындаушылар палатасына немесе әділет органдарына мәжбүрлеп орындау үшін жібереді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему