Әлем Чемпионатында жүлдегер атанды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 15:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әлем Чемпионатында жүлдегер атанды

19 Ноября 2018 (09:16) | 1838 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда 8-11 қараша аралығында Румыния елінің Бухарест қаласында самбо күресінен ерлер, әйелдер және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты өз жалауын көтерген болатын. Самбо күресінің 80 жылдығына орай өткен әлем чемпионатына 80 мемлекеттен 9 салмақ ерлер, 9 салмақ әйелдер, 9 салмақ жауынгерлік самбодан жалпы саны 450-ден астам спортшы қатысты.

 

 

Үш күнге созылған дүбірлі жарыста Қазақстан құрама командасының қоржынына 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медалі келіп түсті. 52 кг.салмақта жауынгерлік самбодан өнер көрсеткен жерлесіміз Нүркен Домбаев («Жас батыр» спорт мектебінің спортшысы) 5 жекпе-жек өткізіп, Қырғызстан, Хорватия, Өзбекстан, Монғолия елдерінің балуандарын ұтып, шешуші сәтте Армения балуанына қолының жарақаты салдарынан есе жіберіп, қола медальге ие болды.

 

 

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері самбо күресінің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған арнайы медалімен қоса 1-ші орынға - .3000$, 2-ші орынға - 2000$ 3 орынға - 1500$ ақшалай сертификатымен марапатталды. Жалпы командалық есепте 1-ші орын - Ресей құрамасына, 2-ші орын - Грузия балуандарына, ал 3-ші орын - Қазақстан командасына бұйырды.

 

Суреттерді ұсынған «Жас батыр» спорт мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему