Түсіндіру жұмысы статистика департаментінде жалғасты
21 Июля 2023 (17:41) | 4326 |
Автор: Редакция
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Іс-шараға аумақтық департамент басшысының орынбасары Еркебұлан Әділбайұлы Сарымбетов, статистика департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, персоналды басқару қызметіне жауапты мамандар қатысты.
Еркебұлан Әділбайұлы мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілердгі өзгерістер, конкурссыз тағайындаулар, ротация, “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау, әдеп ережелерін сақтау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен бюрокаратиядан арылту мәселелері бойынша түсіндірме жүргізді.
Мемлекеттік қызметшілер спикерге көкейіндегі сауалдарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды.
Мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар бойынша түсіндірме жұмыстары аумақтық департаментпен жүйелі түрде жүргізілуде.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему