Биыл Маңғыстау облысындағы бірнеше елді мекенге кірме жолдар төселеді
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 11:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Биыл Маңғыстау облысындағы бірнеше елді мекенге кірме жолдар төселеді

25 Апреля 2020 (09:43) | 2164 | Автор: Нурганым Имашева

Жағымды жаңалықпен Ақтаудағы «Маңғыстау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде өткен жиында өңірлік жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Болат Ережепов бөлісті.

 

 

Оның айтуынша, Маңғыстау, Түпқараған және Бейнеу аудандарына қарасты ауылдарға кірме жол салу жұмыстары жуық арада басталады деп күтілуде.

 

-Шайыр ауылының тұрғындарының қуана беруіне болады. Өйткені, кірме жолдың жоқтығы соңғы жылдары жиі көтеріліп жүрген мәселенің бірі. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 2,8 шақырымдық трассаны салуға қажет қаржы қаралып тұр. Маңғыстау ауданының әкімдігі конкурс ойнатуы керек. Жеңімпаз мердігер анықталған соң жол құрылысы басталуы керек,- деді ол.

 

Сондай-ақ осы ауданға қарасты Жармыш ауылына да ұзындығы екі шақырымдық кірме жол биыл салынуы тиіс. Орталық елді мекен - Шетпеден шығаберістегі ұзындығы 0,21 км-лік, Қарақия ауданының Ералы станциясына 12,5 шақырымдық кірме жолдар салынады.

 

 

Дәл осындай жоба Бейнеу ауданының Сыңғарлау ауылы мен Түпқарағандағы Қызылөзен ауылында таяу арада жүзеге аса бастайды деп көзделген.

 

Айта кетейік, аталған трассалардың барлығы бірдей кеңестік кезеңде салынған. Уақытында жөндеу көрмеген соң тозығы жетіп, көліктің жүруіне жарамсыз жағдайда тұр. Енді олар қалпына келтірілетін болды. Тиісті қаражат облыстан шешіліп қойылған.

 

-Енді осы кірме жолдар тиесілі елді мекен әкімдіктері конкурс ойнатып, мердігер мекемелер анықталады. Мұнан соң жұмыс басталады. Өз кезегінде мемлекет қаржысы бөлінген бұл жобалар да жол сапасын бақылаушылардың жіті назарында болады деген сөз.

 

 

Салу кезінде кемшіліктер анықталған жағдайда оны түзету бірінші кезекте мердігерге жүктеледі,- «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК МОФ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему