Елдегі төтенше жағдай мерзімінде мынадай шаралар атқарылып, шектеулер қойылады
17 Марта 2020 (09:31) | 2449 | Автор: Нурганым Имашева
Әлеуметтік желілерде ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығын жүзеге асыру Нұсқаулығы жариялануда. Бұл туралы ақпаратты ФБ әлеуметтік желісінде Маңғыстау облысының «Қоғамдық коммуникациялар орталығы» жария етті.
Аталған құжатта төтенше жағдай енгізілген мерзімде келесідей шаралар атқарылып, уақытша шектеулер қойылсын делінген:
1.Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері және арнайы мемлекеттік органдар қоғамдық тәртіптің сақталуын, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимді, режимдік және ерекше қорғалатын нысандардың оның ішінде коронавирустың таралуына қарсы іс-қимылға қатысатын медициналық және карантиндік объектілер, сондай-ақ халықтың өмірлік белсенділігі мен көлік қызметін қамтамобъектілердің қорғалуын қамтамасыз етсін.
2. Ауру белгілері байкалып, медициналық тексерілуден, карантиндік режимнен бас тарткан және эпидемиологиялық жағдайды анықтау үшін маңызды болып табылатын мәліметті жасырған тұлғаларды бақылау күшейтілсін.
3. Медицина қызметкерлері мен ішкі істер органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне еңбек демалысына шығуға тыйым салынсын.
4. Қоғамдық көлікте, мекемелерде және қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұдайы жүргізу ұйымдастырылсын.
5. Барлық емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемелері, әсіресе балалар үйлері, қариялар мен мүгедектерге арналған интернат үйлері оларға келуге тыйым салумен карантинге ауыстырылсын.
6. Ірі сауда нысандарының қызметіне санитарлық қауіпсіздікті күшейте отырып, олардың жұмысын таңғы 10:00 бастап кешкі 18:00 дейінгі уақытқа шектеу қою. Шағын азық-түлік дүкендері мен супермаркеттері және азық-түлік сататын базарлар санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейтумен қалыпты режимде жұмыс жасауы қажет. Нан-бөлке және кондитерлік өнімдер тек қапталған күйінде сатылуы тиіс.
7. Киім-кешек сатылатын базарлардың жұмысына санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейтумен 11:00 бастап кешкі 17:00 дейінгі уақытқа шектеу қойылсын.
8. Халықтың дәрі-дәрмекті, азық-түлікті және киімдерді онлайн сатып алуына және оларды жеткізу жұмыстарын жетілдіре түсуге ықпал етілсін.
Нұсқаулықтың жалғасы келесі ақпаратта.
Суреттер Маңғыстау облысының «Қоғамдық коммуникациялар орталығынан» алынған
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему