Халықаралық жарыстың үздік гимнасшылары анықталды
Курс валют в Актау
на 13/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
13 Мая, 19:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Халықаралық жарыстың үздік гимнасшылары анықталды

17 Августа 2017 (19:37) | 2080 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтауда «Шағала» деген атпен көркем гимнастикадан халықаралық жарыс өтті. Оған Өзбекстан, Ресей мемлекеттері мен Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының 5 пен 14 жас аралығындағы гимнасшы қыздары қатысып, бақтарын сынады. Гимнасшылар музыка сазымен лента, доп, шеңбер арқылы гимнастикалық жаттығулар жасап, өнерлерін ортаға салды.

-Облыста өткен жылы құрылған көркем және эстетикалық гимнастика федерациясы қарқынды жұмыс жасап келеді.

Өлкемізде көркем гимнастиканы дамыту мақсатында екі рет Азияның бес дүркін чемпионы А. Алябьва мен Белоруссияның жоғары дәрежедегі жаттықтырушысы А. Рогозина сияқты білікті мамандар оқу-жаттығу жиынын өткізді. Соның нәтижесінде гимнасшы қыздарымыз елімізде өткен республикалық, Ресей, Украинада өткен халықаралық жарыстардан 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді иеленді. Бұл бұрын-соңды гимнастикадан Маңғыстау тарихында болмаған жетістік.

Ал, бүгінгі «Шағала» халықаралық турнирі республикалық жарыстар кестесіне енгізіліп, облыста алғаш рет ұйымдастырылып отыр,-дейді Маңғыстау облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының президенті Бибігүл Төлегенова.

Екі күн қатарынан «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өткен жарыстың қорытындысында 2012 жылы туғандар арасында ақтаулық ару Софья Абдулина, 2011 жылғылар арасында ақтаулық Жамиля Төкенова үздік танылып, І-орынды еншіледі.

2010 жылғылар арасында «А» тобында І-орынды ақтаулық Аққуым Манарбекқызы мен ресейлік Анна Головлева, «С» тобында ресейлік өзара Ольга Селютина мен Елена Силантьева өзара бөлісті.

2009 жылғылар арасында «А» тобында І-орын өзбекстандық Биназир Шарафутдинова мен шымкенттік Перизат Абдылханға, «В» тобында атыраулық Диляра Жаксикенова мен ресейлік Анна Ефименкоға бұйырды. 2008 жылғылар арасында алтынды ресейлік Кира Бегунова жеңіп алды.

2007 жылғылар арасында «А» тобында І-орыннан мұнайлылық Жансая Жанбуршиева мен шымкенттік Ақсұңқар Әбдірахман, «В» тобында шымкенттік қос ару Сабина Сұлтанходжаева және Милана Парфилова көрінді.

2006 жылғылар арасында «А» тобында атыраулық Эмилия Бекбауова, «В» тобында ресейлік Екатерина Илларионова, 2005 жылғылар арасында «А» тобында атыраулық Мария Гайнулина, «В» тобында мұнайлылық Ұлжан Абдырахман, 2004 жылғылар арасында ақтаулық Мария Түгелбай, 2003 жылғылар арасында атыраулық Іңкәр Жұлмағамбетова жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему