Мерекеге орай маңғыстаулық 141 тәртіп сақшысы марапатқа ие болды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 08:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мерекеге орай маңғыстаулық 141 тәртіп сақшысы марапатқа ие болды

3 Декабря 2018 (12:19) | 2807 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Полиция департаменті басқармасы Тұңғыш Президент күнін салтанатты түрде атап өтті.

 

 

Маңғыстау облысының Полиция департаментінде Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы ең маңызды күн - Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға ПД қызметкерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

 

Салтанатты жиын барысында Тұңғыш Президенттің өмірі мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі туралы фильмдерден үзінділер көрсетілді. Одан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау жеделхатын осы шараның жүргізушісі оқып шықты.

 

 

Мерекелік іс-шара барысында департаменттің жеке құрымын және ішкі істер органдарының ардагерлерін Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы полиция полковнигі Қанат Тимерденов құттықтады.

 

-Құрметті әріптестер! Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президені күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанның ішкі істер органдарының тарихы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тығыз байланысты. Бүгінде біздің елімізді бүкіл әлем бейбітшілік пен гүлденген мемлекет ретінде белгілі.

 

Осы орайда Ұлт Көшбасшысының рөлі өте маңызды және бүгінгі таңда біз ел экономикасын, саясатын және басқа елдермен өзара әрекеттесуінің барлық нәтижелерін көріп отырмыз.

 

 

Президент ішкі істер органдарына үнемі үлкен қолдау көрсетеді. Тұңғыш Президент күні - бұл ұлттық мереке, оны Мемлекет басшысына көрнекті қызметтері үшін құрмет ретінде берілген.

 

Өз әріптестерінің кәсіпқойлығын, олардың жасаған жұмысын, қылмыспен күрестегі полиция қызметкерлерінің тынымсыз күресін, барлық жеке құрам қызметкерлердің заңымызды сақтауда, олардың отбасыларына біздің еліміздің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құрметті міндетін орындағаны үшін бақыт пен жетістіктерге жетуін тілейміз!-деді Полиция департаментінің басшысы.

 

Полиция департаменті басшысының орынбасары Жергілікті Полиция Қызметінің бастығы полиция подполковнигі Серік Айдаровқа ҚР ІМ «Тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» төсбелгі тапсырылды, сондай-ақ полиция полковнигі Гүлназ Қонарбаева, полиция капитаны Есмухан Төреғалиева, Ридняк Александр, Гаухар Биялиева екінші дәрежелі белгі иегері атанды.

 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің қолы қойылған грамоталар мен алғыс хаттармен Ерлан Алмұхамбетов, Алтынбек Абдрахман, Шоххан Аманбаев марапатталды.

 

 

Тлек Досановқа Маңғыстау облысы Полиция департаменті басшысының қолы қойылған грамота табысталды.

 

- Полиция департаменті басқармасының бастығы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне айрықша атақтар мен наградалар берді.

 

Жалпы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай барлығы 141 полиция қызметкері ынталандырылды.

 

Жиын соңы салтанатты кешпен жалғасты,- деп хабарлайды ақжолтай жаңалықпен бөліскен Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

Суреттерді ұсынған Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему