Ақтауда медициналық сақтандыру жүйесі туралы семинар өтуде
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 14:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда медициналық сақтандыру жүйесі туралы семинар өтуде

31 Июля 2019 (10:52) | 1859 | Автор: Нурганым Имашева

«Медициналық сақтандыру қоры» жергілікті сарапшылары Ақтаудағы бірнеше медициналық ұйымдарға оқыту-семинар жүргізді. Семинар денсаулық саласындағы жаңа реформа – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енуі жайында болды.

 

 

Алғашқы семинар Ақтау қалалық 1-емханадан басталды. Бұдан кейін сарапшылар 22 шілде күні облыстық аурухана, 23 мамырда 2-қалалық емхана, 24 мамыр Онкология және Туберкулезге қарсы диспансерлерде оқыту жүргізілді. Оқыту соңында қызметкерлер білім деңгейін тексеру үшін тест тапсырды.

 

Ал жуырда «Нейрон» жеке меншік клиникасын 100-ге жуық медицина қызметкерлері Денсаулық саласындағы 2020 жылы өтетін өзгерістер туралы дәріс алды.

 

- Дәрігерлер үшін бұл тың жаңалық емес. Емхана қызметкерлерін сақтандырылған азаматтарға қандай артықшылықтар беріледі, сақтандырылмаған азаматтар тегін емханаға қарала ала ма деген сұрақтар қызықтырды.

 

 

Шұғыл жағдайларда көмек көрсету, жедел жәрдем, санитарлық авиация, бірқатар созылмалы ауруларды динамикалық бақылау, шұғыл жағдайда стационарда емдеу – мұны барлық азаматтар, сақтандырылған-сақтандырылғанына қарамай пайдалана алады.

 

Мемлекет тарапынан кепілдік берілген көмек бойынша барлық азаматтар: емханаға қаралып, стационарда жатып емделе алады; әлеуметтік маңызы бар аурулар да тегін емделеді. Медициналық оңалту қызметін тек туберкулезге шалдыққандарға ғана пайдалана алады. Негізгі жұқпалы емес аурулар мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін жұқпалы аурулар да тегін емделеді. Яғни, кепілдендірілген стандарт азаматтардың бәріне, бюджет есебінен тегін көрсетіледі, - дейді Лаура Қалдығожина, «МӘМС» қоры жергілікті филиалының сарапшысы.

 

Ал сақтандырылған азаматтар МӘМС пакетіндегі қымбат болып келетін операциялар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды қызметтерді алады. МӘМС пакетіне табысы орташа азаматтардың қалтасы көтере бермейтін: МРТ, компьютерлік томография, ПЦР-анализ сынды қызметтер де енгізілді.

 

 

-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың бізге не қажеті бар? Тұрғындар денсаулыққа жұмсалтын жалпы шығынның 40 процентін өз қалтасынан төлейді екен. Яғни адамдар өз қалтасынан дәрі-дәрмек сатып алады, ақылы клиникаларға қаралады. Бұл тұрғындардың әлеуметтік тұрмысына едәуір салмақ түсіретіні даусыз. Жаңа реформаның маңызы сол, осы шығындардың белгілі бір бөлігін сақтандыру есебінен жабуға мүмкіндік береді, - дейді Айгүл Дәден, «МӘМС» қоры жергілікті филиалының бөлім басшысы.

 

Медициналық сақтандыру қоры мамандары алдағы уақытта аудандағы емханаларды аралап, семинар жүргізетін болады.

 

Суреттерді түсірген «МӘМС» қоры жергілікті филиалы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему