″Түпқараған барысы″ анықталды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 00:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

″Түпқараған барысы″ анықталды

1 Мая 2017 (18:14) | 1886 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 

Ерболат Ташенов "Түпқараған барысы" атанды. Биылғы бәсекеге ауданға қарасты әр ауылдан екі палуан кілемге шықты. Дәстүрлі турнир алдымен ауыл арасында "Ауыл барысы" атымен өткен. Үздік шыққандары ғана "Аудан барысы" атына таласты. Бұл туралы облыстық телеарна хабарлады.

Осымен жетінші рет ұйымдастырылған дүбірлі додаға әр ауылдан он палуан қатысты. Олардың арасында «Түпқараған барысы» атағын бірнеше мәрте иеленген Жасұлан Таңатов та бар. Жарыстың басты фавориті де сол болды. Жасұлан өз бабында екенін дәлелдеп ақтық сынға алқынбай жетті . Қарсыласы турнирге алғаш қатысып финалға жетіп тұрған Ерболат Тәшенов. Дәгенмен тәжрибені жастық жеңді.

«Түпқараған барысы» атағымен алтын белдікті Ерболат Тәшенов иеленді. Жасұлан Таңатов күміс белдікті тағынды, Ақшұқырлық Оразлы Төлеев жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Ерболат Тәшенов - "Түпқараған барысы":

-15 жасымнан бері күресемін. Осы жылы бірінші рет күресіп жатырмын.

Турнир етек жайғалы күрестің осы түріне деген жастардың қызығушлығы да арта түскен. Дәстүрлі дода жылда жаңа бір есімді шығарып отыр. Әу , баста турнир ұйымдастырушылардың көздегені де осы болатын. Жаңа есімдер мен тасадағы қара күш иелерін көпке паш ету.

Шолпан Нұрғалиева - Түпқараған аудандық мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы:

-Республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің "Түпқараған барысы" ауданымызда жылда өткізіліп келеді. Мақсаты - қазақ күресін, ұлттық ойындарымызды насихаттап, кеңінен таныту. Жас жеткіншектерімізге өздерін жоғарғы деңгейде көрсетуге жол ашу.

Түпқарағандағы алтын белдік пен күміс белдікті тағынған балуандар енді мамыр айында облыстық бәсекеде аудан намысын қорғайды. Сол жарыста жеңіске жеткендер "Қазақстан барысы" турниріне жолдама алады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему