Әкімшілік қамаққа алынды
17 Июня 2017 (10:11) | 2057 |
Автор: Мира Ботабекова
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 4-бөлігімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Д. бұрын алкогольдік ішімдік ішкені және қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартыла тұра, Ақтау қаласы, 7 шағын аудан, 8 үйдің жанында алкогольдік ішімдік ішіп, адамның қадір-қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келетіндей мас күйінде жүрген. Сот құқық бұзушы Д-ны жоғарыда көрсетілген бап бойынша кінәлі деп танып, оған 3 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын қолданды. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Бұл туралы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі хабарлайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему