Маңғыстауда жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 92% құрайды
21 Февраля 2018 (19:31) | 1677 | Автор: Нурганым Имашева
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақ тұрғындары алдында есеп беріп, 2017 жылды қортындылады.
Облыс тұрғындарымен кездесуі кезінде аймақ басшысы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйіне тоқталды:
-Транспорттық инфрақұрылымның дамуына «Нұрлы жол» бағдарламасы оң серпін берді. Маңғыстау облысында жаңа көліктік-логистикалық жүйе құрылды.
Құрық портында паром кешенінің бірінші кезеңі іске қосылды. 2017 жылы теміржол паромдарымен жоспарланған 540 мың тонна 1,5 миллион тонна жүк болып межесінен артық орындалды.
Автокөлік кешені толық қуатқа ие болды. Бұл жүк жөнелтуді 2,5 млн. тоннаға дейін арттырады.Қазақстан алғаш рет Азия мен Қытайдан Еуропаға тікелей шығатын жол салды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын бюджеттен 150 млрд. теңге бөлінбек. Ең алдымен олар жергілікті магистральдар желісін жөндеуге және қайта жаңартуға бағытталады. Осы мақсатқа биылғы жылдың бюджетінде 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
««Бейнеу – Шетпе», «Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолдарының құрылысы аяқталады. «Құрық-порт Құрық», «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы», «Жетібай-Жаңаөзен», «Ата жолы» жолдарының құрылысы жалғасады. Болашақта «Жаңаөзен – Кендірлі – Түркменстан шекарасы» және «Құрық-Жетібай» жолдарының құрылысы жоспарланды», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Өңір басшысының мәлімдеуінше.
Келесі жобалар жүзеге асырылады:
0-51 км учаскесінде «Ата жолы» реконструкциясының аяқталуы; «Қияқты-Тұщықұдық», «Ақтау-Қаламқас» және «Таушық-Шетпе» жолдарының 1-2-кезеңі, Қызан мен Жетібай ауылдарының ішкі жолдары;
«Жыңғылды-Шайыр-Шерқала» (12 км)жолдардын қалпына келтіру жұмыстары басталады;
«Шетпе-Қызан» тас жолының «Тасмұрын-Мәстек» участкесі (36 км);
Мұнайлы ауданының Қызылтөбе, Баянды, Маңғыстау-4, Ақтау қаласының ішкі жолдары, сондай-ақ ХМГЗ басты жолы (83 км) ауылдық жерлердегі жолдарды салу бойынша жұмыстар жалғасады.
«Шетпе-Үштаған», «Ақтау-Форт-Шевченко-Қаламқас кен орнында» (219 км), Тұщықұдық ауылының жолдарын орташа жөндеу жұмыстары басталады.
Облыс бойынша жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 92% құрайды».
Аймақтың елді мекендерінің сумен қамтылуына тоқталған облыс басшысы:
-Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында барлық ауыл сумен қамтылды.
Тұрғындарды орталықтандырылған ауызсумен қамтукөрсеткіші 64%. Бұл республикадағы ортаңғы көрсеткіштердің бірі (8-орын).
«Елбасының жаңа Жолдауында атап көрсетілгендей, ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға үкімет жыл сайын100 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлетін болады. Ағымдағы жылдың бюджетінде осы мақсатқа 4 млрд.теңге қарастырылды. Бұған қосымша республикалық бюджетті нақтылау барысында жаңа 16 жобаның іске асыруға 6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Бөлінген қаржыға осы жылы Бейнеу ауданы Боранқұл, Сарға; Мұнайлы ауданы Басқұдық, Маңғыстау-4; Қарақия ауданы Бостан; Маңғыстау ауданы Жармыш, Жыңғылды ауылдарында ауылішілік су құбырының құрылысы аяқталады.
Бейнеу ауданы Бейнеу, Есет, Толеп; Қарақия ауданы Жетібай, Сенек, Кұланды; Мұнайлы ауданы Маңғыстау 3 және 5; Түпқараған ауданы Ақшұқыр, Сайын, Таушық ауылдары сумен қамту нысандарының құрылысы басталады.
Осы жұмыстардың іске асуы облысты жыл соңында орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткішін 69%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.
Өткен жылы «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту жұмыстарының 1-кезеңі аяқталды. Бүгінгі таңда зауыт қуаты тәулігіне 30 мың текше метр су шығаруға жетеді.
Жаңғырту жұмыстары нәтижесінде қазір Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы және Құрық ауылы сумен толықтай қамтылып отыр. Қазір зауыттың қуаттылығын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізудің 2-кезең жұмыстары жүргізілуде (10,6 млрд.теңге).
Нәтижесінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында игерілетін 11 мың жаңа жер учаскелері сумен қамтылады,- деп мәлімдеді.
Суреттер түсірген Малика Хамракулова
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему