Шайырлық тұрғын қолдан жарық шам жасайды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 19:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шайырлық тұрғын қолдан жарық шам жасайды

3 Октября 2021 (14:09) | 2350 | Автор: Редакция

Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр ауылының тұрғыны Жаңыл Сырым қолдан жарық шамдар жасайды. Оның бұл кәсіпті қолға алғанына 1 жыл болған. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

 

 

Шебер қолдың иесі аз уақыттың ішінде түрлі түсті 50-ден астам жарық шам жасап үлгерген. Қызығушылық танытып, тапсырыс берушілер де аз емес. Жаңыл алдағы уақытта шеберлік сағаттарын өткізуді жоспарлап жатыр.

 

 

«Бұл кәсіппен айналысқаныма 1 жыл болды. Шебер қыздар жиналған ортақ чатымыз бар. Ол жерде әр облыстан жиналған жандар өз ұсыныстарын айтады. Бірі орамал, бірі шәлі, енді бірі шұлық тоқығандарын көрсетіп, ойларын ортаға салады. Маған ұнағаны қолдан жасалған жарық шам болды. Білікті маманның шеберлік сабағынан өтіп, аз уақытта үйреніп алдым. Оны жасау үшін жарық диодты шамдар, изолон материалы, тоқ жалғайтын құрылғылар, пластикалық құбыр мен сым қажет. Менің қазір жасап жүргенім шелекке отырғызылған гүл типтес жарық шам. Оның сабағы, жапырағы мен гүлі реттілік бойынша жасалады. Тапсырыс берушілер бар. Оның басым бөлігі жақындарының туған күніне сыйлық ретінде сатып алады», - деді Жаңыл Сырым.

 

 

Жаңылдың қолөнерге деген талпынысы бала күнінде пайда болыпты. Нағашы әжесінің бағыт беруімен кез-келген бұйымды лезде үйреніп алады. Оның қолынан шыққан әр туынды ерекше үлгіде. Алаша, киіз, орамал, сөмке, моншақ, кәжекейге тағатын қарсы ілгек пен құрақ көрпе тігетін Жаңыл болашақта қолөнер шеберлерін дайындайтын мектеп ашуды армандайды.

 

Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему