Батыр ауылында жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 03:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Батыр ауылында жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде

10 Мая 2023 (17:55) | 2365 | Автор: Редакция

Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылдық округінде «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылішілік жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Үш жоба аясында Батыр ауылдық округінің 8 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Атап айтқанда Емір шағынауданының бірінші көшесі мен Шерқала, Самал, Тамшалы шағынаудандарының он екінші көшелеріне және Емір, Шерқала шағынаудандарының қиылысқан көшесіне, Самал, Шерқала шағынаудандарының қиылысқан көшелеріне, Самал, Тамшалы шағынаудандарының қиылысқан көшелеріне, Хазар, Астана, Алматы, Болашақ шағынаудандарының жетінші көшелеріне барлығы 15 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

-Тұрғындардың өтініштері негізінде 2022 жылы бірнеше көшені асфальттау бойынша жоба жасалды. Биыл қаржыландыру көздеріне қарай сол жобалар іске аса бастауда. Негізгі басымдық бұрын салынған асфальт жолдарды бір-бірімен байланыстыру, әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар мен қоғамдық көліктер қатынайтын жолдарды салу болатын. Жол құрылысы жұмыстарына ауылдың жұмыссыз тұрғындары жұмылдырылатын болады, - дейді ауыл әкімінің міндетін атқарушы Гүлшеру Джайылғанова.

Қазіргі таңда жолды тегістеу, күреу, қалпына келтіру жұмыстары жасалуда.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему