Маңғыстау облысы ТЖ Департаменті суға шомылу маусымындағы адамдардың қауіпсіздігі және су қоймаларында балалардың қауіпсіздігіне қатысты басқосу ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 22:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы ТЖ Департаменті суға шомылу маусымындағы адамдардың қауіпсіздігі және су қоймаларында балалардың қауіпсіздігіне қатысты басқосу ұйымдастырды

15 Июня 2017 (10:58) | 1754 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде жағажай аймақтары, демалыс базалары және балалардың жазғы сауықтыру лагерлері басшыларының қатысуымен «Суға шомылу маусымында судағы адамдардың қауіпсіздігі ережесі» және «Облыстың су қоймаларында балалардың қауіпсіздігі ережесі» тақырыптарына дөңгелек үстел отырысы өткізілді», -деп хабарлайды аталмыш Департаменттің баспасөз қызметі.

 

 

Шараға облыс аумағында орналасқан жағажай аймақтары, демалыс базалары және балалардың жазғы сауықтыру лагерлері басшылары арнайы шақырылды.

 

-Отырысты Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Мұханбетов Манарбек Хамидоллаұлы жүргізіп, қазіргі таңдағы жағажай аймақтары, демалыс базалары және балалардың жазғы сауықтыру лагерлеріндегі судағы қауіпсіздік бойынша өзекті мәселелерді талқыға салды.

 

 

Сондай ақ, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Жедел-құтқару жасағы» ММ басшысы Б. Қ. Қайырлаев баяндама жасап, әрі қарай, ҚР Суда құтқару қоғамы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Б.Т. Түйебаев сөз алып өз мекемесінің тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырды.

 

 

Басқосу соңында, жағажай аймақтары, демалыс базалары және балалардың жазғы сауықтыру лагерлері өкілдері судағы қауіпсіздік, балалардың судағы қауіпсіздігі бойынша өздерін толғандыратын сұрақтарына ТЖ Департаменті мамандарынан тұшымды жауап алды, - делінген Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен жолданған ақпаратта.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему