Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау басты назарда
1 Февраля 2023 (14:59) | 2923 | Автор: Редакция
Ақтау гарнизоны 25744 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен барлық санаттағы автокөлік жүргізушілерімен жол жүрісі қауіпсіздігі және әскери қызметкерлер арасында көлік жүргізу мәдениетін арттыру, сондай-ақ жеке көлік құралдарын апатсыз пайдалану бойынша сабақтар өткізілді.
Іс-шара 2023 жылға арналған әскери көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін және жол-көлік оқиғалары мен олардың ауыр салдарының санын төмендетуге бағытталған алдын алу шаралары жоспарының бағыттары жеткізілді.
Шараға әскери бөлім командирлерінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарлары, техникалық бақылау өткізу пунктінің бастықтары және бөлімдердегі әскери техника мен жеке көлік жүргізуші санатындағы әскери қызметкерлер қатысты
Сабақ барысында әскери қызметшілерге 2022 жылдың 12 айында болған жол-көлік оқиғаларына талдау жасалып, арнайы мекемеде тіркеуден өткен статистикалық мәліметтер жеткізіліп, соңында апатқа ұшыраған автокөліктердің бейне жазбалары көрсетілді.
«Жоғарғы басшылықтың тапсырмаларына сәйкес Ақтау гарнизонында жеке автокөлік иелерімен теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізілді. Жүргізушілер мен автокөліктердің құжаттамасы, жабдықталуы және қысқы жағдайда қолданулары тексерілді. Іс-шара қортындысы бойынша көліктердің техникалық жай-күйін жақсарту үшін нақты ұсыныстар берілді»,- деп атап өтті Актау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының Әскери автомобильдік полиция бөлімінің бастығы майор Еркін Игисинов
Қарулы күштерде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүйелі түрде іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Олардың ең маңыздысы әскери бөлімдері мен мекемелерінің парктерінде ішкі қызметті ұйымдастыру кезінде құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған "Назар аударыңыз, жаяу жүргінші", "Автокөліктің қысқа дайындығы - апатсыз жұмыс кепілі" сияқты айлықтар.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему