Ақтау қалалық прокуратурасында мемлекеттік органдардың қатысуымен Елбасы жолдауы талқыланды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 11:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қалалық прокуратурасында мемлекеттік органдардың қатысуымен Елбасы жолдауы талқыланды

1 Июня 2017 (18:02) | 1665 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Ақтау қалалық прокуратурасының бастамасымен «Елбасымыздың жолдауын талқылайық» атты Ақтау қалалық ішкі істер, Маңғыстау облыстық еңбек басқармаларының және тағы басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен семинар - жиналыс өткізілді.

 

-Бұл семинар-жиналыс отырысының негізгі мақсаттарының бірі – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қазақстан халқына арналған "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауын жан-жақты объективті түрде талқылау болып табылады.

 

Бұл жолдауда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз еліміз Қазақстан Республикасының халқына болашақты айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жететіндігі жөнінде сөз арнаған.

 

Сонымен қатар, әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталған. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік екені жолдауда көрсетілген.

 

Сондай-ақ, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміз Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойған. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігін жеткізген,- деп мәлімдеді Ақтау қаласы прокуратурасының Бөлім аға прокуроры Орысбай Мақатов.

 

Оның айтуынша, «Қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі екені анық. Елбасы: «Біз өзіміздің мықты тұстарымызды пайдаланып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз керек» дегенді айтқан.

 

Президент өз Жолдауында: «Қазақстанның Бірінші жаңғыруы бәріміздің есімізде екені яғни 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрылған.

 

Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Біздің бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді күйреуге, азамат соғысына, экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымыз мен үшін өте маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізген. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған

 

аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

 

Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі»,- деп атап көрсеткен.

 

-Жолдаудың қорытындысында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр.

 

Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдіміз. Біздің басты күшіміз – бірлікте,- деп, Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдыратынымызға кәміл сенімділігін білдірген,-дейді Ақтау қалалық прокуратурасында өткен Президент Жолдауының талқылануына арналған шара туралы өз ойымен бөліскен Ақтау қаласы прокуратурасының Бөлім аға прокуроры Орысбай Мақатов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему