Алғыс айту күні әскери бөлім үлгілі сержанттың ата-анасын құттықтады
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 11:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алғыс айту күні әскери бөлім үлгілі сержанттың ата-анасын құттықтады

1 Марта 2023 (17:52) | 2830 | Автор: Редакция

1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл дәстүр өткен ғасырдың қиын-қыстау кезеңінде қазақ жеріне қоныстанған халықтардың қазақ халқына алғыс айтуы мерекесінен бастау алды. Бұл күні адамдар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Осыған орай 99116 әскери бөлімінің үлгілі әскери қызметшісі сержант Канат Ермекбаевтың ата-анасын Алғыс айту күні мерекесімен құттықтады.


Оған 99116 әскери бөлімінің командирі подполковник Ерғали Буриев бөлім командирінің тәрбие және иеологиялық жұмысы жөнінегі орынбасары майор Болатгерей Шекеев пен осы бөлімнің әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жасау қызметінің қызметшісі Гульсана Умирзахова қатысты.


Сержант Канат Ермекбаев 99116 әскери бөлімінің байланыс құралдары қойма бастығы болып қызмет атқарады. Ол 99116 әскери бөлімінде 2018 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Оның ата-анасы 1 қызбен 3 ұл тәрбиелеп өсірген. Сержант Канат Ермекбаев үйдің екінішісі. Бүгінде 5 бала тәрбиелеп өсіріп отыр.


Сержант Қанат Ермекбаев ұжымда тазалығы мен қызметке деген адалдығы, қарапайым мінезі және еңбектегі білгірлігі үшін үлгі тұтатын әскери қызметші.


– Бүгін біз мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту, – деді 99116 әскери бөлімінің командирі подполковник Ерғали Буриев.
Сонымен қатар подполковник Ерғали Буриев Канаттай бала тәрбиелеп өсіргені үшін ата-анасына ризашылығын білдіріп, дендеріне саулық тілеп әскери бөлім атынан алғыс хатпен марапаттап, гүл шоқтарын сыйлады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему