Жаңаөзендегі ауруханада күрделі ота түрлерін жасау жоспарлануда
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 13:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзендегі ауруханада күрделі ота түрлерін жасау жоспарлануда

26 Января 2023 (17:55) | 3137 | Автор: Редакция

Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында күрделі ота түрлерін жасау жоспарлануда. Бұл туралы аурухана директоры Серік Асқаров алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров қатысқан жиында аурухана директоры былтыр денсаулық саласында атқарылған жұмыстарды баяндады.

 Аурухана Қызылсай, Рахат, Кендірлі, Теңге кенті, сондай-ақ, Қарақия ауданына қарасты Сенек, Қарақұдық, Құланды, Болашақ, Аққұдық ауылы тұрғындарын медициналық қызметпен қамтамасыз етеді.

 Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасы 2022 жылдың маусым айынан бастап жаңа ғимаратта толықтай жұмысын бастады. Мұнда заманауи құралдармен жабдықталған. МРТ, КТ, рентген, маммограф, ангиограф, с-дуга, диализ секілді бірнеше аппарат түрлерімен қамтамасыз етілген.

 Аурухана директоры Серік Асқаровтың айтуынша, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап, күрделі ота түрлерін қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қажеттілікке байланысты жаңа ғимараттан консультативті диагностикалық көмек бөлімшесін шұғыл түрде ашу жоспарланып жатыр.

 -Жаңаөзен көп бейінді қалалық ауруханасы 360 төсек-орынмен қамтылған. Бүгінгі күні жаңа ғимаратта алғаш рет нейрохирургиялық, микрохирургиялық ота түрлері жасалуда. Кадр саласына тоқталсақ. Бүгінгі күні ауруханада 659 адам қызмет етеді. Дәрігерлер 61%, орта буынды медицина қызметкерлері 100% қамтиды. 2022 жылы жас мамандармен толықты. Атап өтсек, 1 нейрохирург, 3 акушер гинеколог, 1 хирург, 1 анестезиолог - реаниматолог, 1 интер.кардиохирургтар жұмысқа орналасты. Десе де, 11 дәрігерге деген қажеттілік бар, - деді Серік Асқаров.

 Айта кетейік, ауруханаға 2021 жылы 16168 адам, 2022 жылы 16939 адам түскен. Шұғыл түрде 11346, жоспарлы түрде 5457 адам жатқызылған.

 Жиында Серік Асқаров 2023 жылға арналған жоспарларымен, алдағы міндеттеріне тоқталды. 2023 жылы «Жұқпалы аурулар ауруханасына» күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ  дайындау және ғимаратты техникалық тексеруден өткізу. Күйік  ауруларын емдеу, күту. Сондай-ақ ауыр науқастарды емдеу үшін 1 күйік керуетін сатып алу мәселесін қозғады.

 Жиын соңында қалалық емхана басшыларының да жұмысы тыңдалды. Емхана директорлары өткен жылдағы атқарған жұмыстар мен, алдағы жоспарлары туралы бөлісті. Басқарма басшысы Аманбек Жұмыров аурухананың бас дәрігеріне және қалалық емхана басшыларына бірнеше міндет жүктеді.

 Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерін үнемі оқыту және олардың біліктілігін арттыру. Дәрігерлерді жұмысқа тарту, тұрғын үймен қамтамасыз етуге жағдай жасау. Халықпен ашық диалог орнату. Тұрғындар денсаулығын әрдайым басты назарда ұстау тапсырмаларын жүктеді.

 Мекеме қызметкерлері көкейлерінде жүрген сауалдарды басқарма басшысына қойып, тиісті жауаптарын алды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему