Барлық мектептерде жылыжай өсірілмек
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 04:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Барлық мектептерде жылыжай өсірілмек

31 Мая 2017 (18:24) | 4607 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшылары өңірдегі барлық мектепте жылыжай ашуды жоспарлап отыр. Қазір арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Қаражат көзі анықталған соң жоба жүзеге асырылмақ. Әзірге аймақта 5 мектептің жанында жылыжай өсірілуде.

 

Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау-4 ауылында орналасқан №11 мектепте биыл наурыз айында жылыжай ашылған болатын. Жаңа жылыжай алғашқы өнімін бере бастады. Көкөніс пен жемістерді оқушылардың өздері баптап, күтеді. Еңбектенудің арқасында балалар тегін тамақтанып жатыр. Жылыжай өнімі бірінші кезекте мектеп асханасына жіберіліп, артылғаны арзан бағамен ауыл тұрғындарына сатылады.

 

Аталмыш мектептің 10-сынып оқушылары жазғы демалыстарын білім ордасының жанындағы жылыжайда өткізуді ұйғарыпты. Еңбек лагеріне 30 бала қабылданды. Олар кезекпен көкөністерді суарып, баптап, күтіп жүр.

 

АҚГҮЛ ЛАБАҚОВА, 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

-11-сыныпты аяқтаған соң агроном болғым келеді. Өзім осындай жылыжай ашқым келеді. Қазір жылыжай арқылы көптеген тәжірибе жинап, гүлдерді қалай өсіруді, қалай баптауды үйреніп жатырмыз. Сондықтан бұл маған үлкен тәжірибе болды. Болашақта мықты агроном болып шығатыныма сенімдімін.

 

 

ЭЛЬМИРА ҰЗАҚБАЕВА, 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

-Біз бұл көкөністерді өзіміз егіп едік, міне алғашқы өнімдерімізді де алдық. Еңбек нанының қандай тәтті боларын сезіндік.

Үш жүз шаршы метр жерде қияр, қызанақ, аскөк, қырыққабат пен құлпынай өсіп тұр. Жылыжайдың ішіне жылу батареялары орнатылған. Тоқ көзін үнемдейтін жарық шамдар қойылды. Жоба демеушілердің қолдауымен жүзеге асқан. 24 млн теңге жұмсалыпты.

 

 

ҚАРШАГҮЛ ӘДІЛБЕКОВА, МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ №11 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-Біз жылыжайдан шыққан алғашқы өнімдерімізді, аскөкті, қиярды, редисканы мектеп асханасына беріп, оқушыларымыз тегін тамақтанды. Қазіргі күнде оқу жылы аяқталған соң көкөністерді қызметкерлерге, ауыл тұрғындарына арзан бағамен сатып жатырмыз.

 

Мектеп басшылары жылыжай өнімінен түскен қаржыға суды үнемдеу мақсатында тамшылата суару жүйесін қондырмақшы. Қалған қаржы мектептегі қайырымдылық шараларына жұмсалмақ. Алдағы күзден бастап лимон, құрма сияқты сирек кездесетін жеміс ағаштарын отырғызып, жылыжайды дамыту көзделуде.

 

Жалпы, облыс басшылары жылыжай өсіру туралы арнайы бағдарламаны қолға алды. Қаражат көзі табылса аймақтағы барлық мектепте жылыжайлар ашылады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему