Жас палуандар Маңғыстаудың абыройын асқақтатты
21 Февраля 2018 (20:36) | 2313 | Автор: Нурганым Имашева
Ақпан айының 17-18 аралығында Бішкек қаласында самбодан 2004-2006жылы туған жасөспірімдер арасында Халықаралық турнир өтті.
Аталмыш жарысқа Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 327 спортшы қатысып өз бақтарын сынады.
Маңғыстау облысының «Жас Батыр» спорт мектебінен 12-спортшы қатысып, оның 6-ы жеңіс тұғырына көтерілді.
Атап айтсақ, 29кг салмақта Аяпберген Мақжан, 32кг салмақта Бердібаев Ақылбек, 35кг салмақта Надірбай Ернар - алтыннан алқа тақса, 35кг салмақта Аяпберген Сержан - күміс медальді иеленіп, 29кг салмақта белдескен Рахим Ахмет пен 38кг салмақтағы Ғабит Асет - қола медалға ие болды.
Осылайша 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға қол жеткізген «Жас Батырлық» палуандар командалық есепте жеңімпаз атанды.
Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Айбек Бисекенов.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының «Жас Батыр» спорт мектебінің тәрбиеленушілері
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему