Ақтауда дзюдо күресінен республикалық турнир бастау алды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 04:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда дзюдо күресінен республикалық турнир бастау алды

22 Апреля 2017 (22:22) | 2605 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Бүгін 22 сәуірде облыс орталығында дзюдо күресінен ашық республикалық турнир басталды. Байрақты бәсеке «Маңғыстау ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшылары, халық батырлары Иса-Досан» жүлдесіне арналған.

Тұңғыш өткізіліп отырған жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан келген спортшылар қатысуда. Ұлдар мен қыздар он салмақта бақ сынауда.

Осы күнге дейін Маңғыстауда екі халықаралық турнир ұйымдастырылып келген болса, Қос халық батыры атындағы турнир жастар арасындағы үшінші ірі жарыс болмақ. Сондықтан бұл додада бәсекелестік те жоғары болады деп күтілуде.

Кешегі күні дүбірлі жарысты ұйымдастырушылар Маңғыстау облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде баспасөз-конференциясын өткізді.

Жиынға қатысқан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов, облыстық мәслихаттың депутаты, халық батырлары «Иса-Досан» ұрпағы, жарыстың демеушісі Нұрпейіс Сәрсенбай, облыстық дзюдо федерациясының вице Президенті Асылбек Тұрарұлына сөз кезегі ұсынылды.

Аймақтағы спорттың, оның ішінде дзюдо күресінің дамуы туралы тілге тиек еткен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов аймақ абыройын асқақтатып жүрген Рамазан Мамаев, Бауыржан Нарбаев, Сұңғат Жұбаткан, Бауыржан Сағынғалиұлы сынды Маңғыстау балуандарының түрлі деңгейлердегі жарыстардағы жетістіктерін атап өтті.

Облыстық мәслихаттың депутаты, халық батырлары «Иса-Досан» ұрпағы, жарыстың демеушісі Нұрпейіс Сәрсенбай даңқты аталар ерлігі жайлы сөз қозғап, жастарды елжандылық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде мұндай турнирлердің ролі зор екеніне тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әр жыл сайынғы Жолдауында салауатты өмір салтын сақтап, жастарды спорттық шараларға тарту, елімізде спорттық жарыстарды ұйымдастыру қажеттігін жиі айтады. Мемлекет басшысының сындарлы саясатын ұстанған біздің ұжымымыз да талай талантты жастарды спортқа баулып, республикалық, халықаралық жарыстарға қатыстырып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Жалпы, біздің спорт мектебінің дзюдо, самбо күресі, баскетбол, волейбол, жекпе-жек сайысы, көркем гимнастика және шахмат секцияларына 700 бала қатысады. Оларға 30 бапкер дәріс береді. Одан бөлек, Маңғыстау ауданы Шебір, Жыңғылды ауылындағы мектеп-интернаты жанынан Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу ауданынан самбо және дзюдо күресінің секциялары ашылды.

Болашақта ол жерден тәлім алған жастар бірнеше республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып, аймақ абыройын асқақтатады деп сенемін.

Ал, «Маңғыстау ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшылары, халық батырлары Иса-Досан» жүлдесіне арналған ашық республикалық турнир өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Жарысқа 2002-2004 және 2005-2007 жылы туған 650-ден аса жасөспірім ұл, қыздар қатысады деп күтілуде. Жарысты жоғары деңгейде өткізу үшін облыстық спорт басқармасы, облыстық дзюдо федерациясы, «Иса-Досан» ұрпақтары атсалысуда,-деді облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов.

Шара соңында аймақта спорт саласының дамуына үлес қосқан Гаухар Чайкузова, Гүлмира Бурхандинова, Асылбек Тұрарұлы, Жомарт Қобланов, Абат Жұмалиев, Ғайса Қалмұханов, Қанат Жұмабаев, Асқар Ағатаев, Ақсындар Шораева, Иса Бимырзаев «Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін» және «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалдарымен марапатталды.

Берік Жұмағалиев - самбодан Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы:

-Маңғыстау облысынан аталмыш турнирге қатысатын спортшыларға тоқталар болсақ, аймақ аудандарынан, облыс спорт мектебінен, спорт-интернатынан 150 - ге жуық бала қатысуда. Екі күндік жарыста олар жақсы нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз. Бұның алдында да жақсы жетістіктерге жетіп жүрген балалар.

Республикалық деңгейдегі ашық турнирдің біздің өңірімізде өтуі - аймақтағы дзюдо күресінің қарқынды дамуын көрсетіп отыр. Былтырғы-биылғы жылғы түрлі деңгейдегі жарыстарда аймақ спортшылары жақсы жетістіктерге жетті, -.деді.

Облысымызда бастау алған республикалық турнирді спорт сүйер қауым 22-23 сәуір күндері 1-шағынаудандағы «Каспий» спорт кешеніне барып, тамашалай алады.

СУРЕТТЕРДІ ТҮСІРГЕН: Талант Құсайын

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему