Ақтау қаласының 60 жылдығына арналған үздік логотип байқауы қайта жарияланды
9 Января 2023 (17:12) | 1965 | Автор: Редакция
Ақтау қаласының әкімдігі қаланың 60 жылдық мерейтойына арналған үздік логотипке байқау жариялады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
✅Өтінімдер 2023 жылдың 9 қаңтар-10 ақпан аралығында қабылданады;
✅Конкурстық жұмыстарды қазылар алқасының қарауына жіберу – 2023 жылдың 23-25 қаңтар;
✅Онлайн дауыс беру – 2023 жылдың 26 қаңтар-9 ақпан;
✅Байқау нәтижесі 10 ақпанда жарияланады.
Конкурстық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар:
- жұмыс оңай оқылуы керек, түпнұсқа графикалық элемент пен қаріптік атауды қамтуы керек. Жұмыс дизайн мен мәтінді біріктіре алуы тиіс.
- конкурстық жұмыс ассоциативтілік, әмбебаптық, өзіндік ерекшелік, есте қаларлық, экспрессивтілік, функционалдылық, ықшамдық сияқты талаптарға сай болуы тиіс;
- логотипте «60» саны немесе «Ақтау 60 жыл»деген жазу болуы тиіс;
- жұмыс келесідей өзгерістерге ұшырауы мүмкін: қысқарту немесе ұлғайту және ақ-қара реңктерге аудару, өзгерген жағдайда логотиптің әсері жоғалмауы керек;
-жұмыс түрлі түсті немесе ақ-қара да болуы мүмкін;
- жұмыс сандық EPS, jpg, ai, cdr, pdf форматында ұсынылуы керек;
- жұмыста бұрын басқа салада қолданылған дизайн немесе сурет болмауы керек.
«Логотип – футболка, бейсболка, қалам және билбордта басылады. Сондықтан эскиз жасау барысында логотиптің үлкейтіліп, кішірейтілетінін басты назарға алу қажет»,- деді ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.
Конкурстық жұмыстар «Логотип байқауы» тақырыбымен aqtau.akimat@gmail.com электрондық поштасына жіберіледі.
Байқау ережелерімен Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайтынан таныса аласыздар. https://beta.egov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/documents/details/396790?lang=kk
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему