Гүл өсіруден көш бастаған мектеп
Курс валют в Актау
на 15/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
15 Ноября, 17:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Гүл өсіруден көш бастаған мектеп

20 Мая 2017 (10:40) | 5877 | Автор: Мира Ботабекова

 

Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылында орналасқан №10 мектеп гүл өсіруден көш бастап тұр. Ашылғанына небәрі үш-ақ жыл болған білім ордасында бөлме гүлдерінің саны 4 мыңға жуықтаған. Нақтырақ айтсақ, 3623 бөлме гүлі бар.

Мектеп дәлізі, оқу кабинеттері, кітапхана, асхана, тіпті баспалдақтың бойына дейін гүлмен көмкерілген. Мұнда гүлдің қасқыр жем, Жүсіптің сұлулығы, шырмауық, фикус сияқты 148 түрі өсіп тұр. Өсімдіктерді оқушылардың өздері күтіп, баптайды.

Биыл жасыл-желекке оранған оқу ошағы «Табиғатпен үндес мектеп» деп аталатын байқаудан бас жүлдені жеңіп алды. Мектеп ұжымы болашақта бөлме гүлдерінің санын миллионға жеткізуді жоспарлап отыр. «Гүлді көбейтудегі мақсат – балаларды сабырлы, байсалды болуға және табиғатты сүюге тәрбиелеу»,-дейді мектеп директоры Құралай Нұрманова.

ҚҰРАЛАЙ НҰРМАНОВА, №10 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-Үш қабаттағы барлық баспалдақтың бойына гүл орналастырылған, екі жағында. Бірақ балалар сол гүлдерді байыппен қарап, не теуіп, не оны сындырып кетпейді. Сонда балалардың бойындағы қасиет – тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік оянып жатыр осыдан.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему