Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істер қаралды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 10:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істер қаралды

29 Января 2020 (09:46) | 1663 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өткізіліп, күн тәртібіне сәйкес бірнеше мәселелер көтерілді.

 

 

Нақты айтқанда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінен қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсынысы негізінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік іс қаралды».

 

-Ұсыныста, қызметші өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамай, өзіне сеніп тапсырылған басқарманың қызметкерлерімен функционалдық міндеттерін мүлтіксіз орындауына қадағалау жұмыстарын жүргізбей, олардың қызметтерін ұйымдастыруда тиісінше бақылау жүзеге асырылмағандығы баяндалған.

 

Осы орайда, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру жөніндегі Комиссия отырыстары мүшелерінің толық қатысуымен өтпей, соған қарамастан шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру туралы оңтайлы ұсыныс қабылданып, отырыс хаттамалары алдын ала дайындалатын болған.

 

Жоғарыдағы деректер мен мән-жайларды саралай келе, басқарма басшысының орынбасарын атқарып отырған лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізуді қажет деп шешті,-деп мәлімдейді баспасөз қызметі.

 

 

Күн тәртібіне сәйкес қаралған келесі мәселе, Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы және облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған тәртіптік істер.

 

-Мемлекеттік мекемелерде мемлекет қаражатының оңтайлы және тиімді жұмсалмағанын, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік принципін және мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығының заңдылығын тексеріп тиісті қорытынды беру жөнінде Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік ішкі аудит департаментінің қорытындысына сәйкес, мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша комиссия тарапынан бағалаулар дұрыс жүргізілмей, өтінім беруші серіктестікке басымдылық берілген.

 

Іс-құжаттарын мұқият зерделей келе, Әдеп кеңесінің мүшелері аталған лауазымды тұлғаларға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

 

Кеңестің қорытынды бөлімінде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Исаның 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша есебі тыңдалды. Тыңдау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің атқарған жұмыстарына бірқатар сын-ескертпелер айтылып, ұсыныстар берілді,-делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Суретті түсірген департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему