АГВТ-отпен күресуге арналған автокөлік
Курс валют в Актау
на 21/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
21 Ноября, 16:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

АГВТ-отпен күресуге арналған автокөлік

3 Января 2019 (10:58) | 2744 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ-нің «Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының» хабарлауынша, «Жуырда Ақтау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушілері табиғи су айдынынан ПНС-110, ПНС-150 өрт-сорғы стансасының көмегімен су алу және газ-мұнай бұрқақтарын сөндіруге арналған АГВТ-150 газ-су сөндіру автокөлігіне беру бойынша практикалық дағдыларды пысықтады.

 

 

Газ, мұнай және газ мұнай ұңғымаларындағы нақты өртке барынша жақын болған жағдайда Камаз-43114 шассиіндегі АГВТ-150 газ-су сөндіру автомобилін пайдалану арқылы өртті сөндіру нұсқасы пысықталды. Шартты сөндіру авиациялық турбореактивті қозғалтқыштың пайдаланылған газдарының ағынына су беру арқылы пайда болған газ-су ағысымен жүзеге асырылды.

 

Бұл техниканы алғаш рет Маңғыстау өрт сөндірушілері 2008 жылдың наурыз айында Қызылорда облысындағы "Кеңқияқ" кенорнында болған өртті сөндіру кезінде пайдаланған болатын. Сол кезде "Кеңқияқ" мұнай ұңғымасының жалынды жануы Маңғыстау және Атырау облыстарының екі АГВТ-150 көмегімен сөндірілді.

 

ПНС-110, ПНС-150 өрт-сорғы станциясының көмегімен табиғи су қоймасынан су алу және АГВТ-150 газ-сумен сөндіру автокөлігіне беру бойынша практикалық дағдыларды пысықтау қызметте тоқсан сайын жүргізіледі. АГВТ - газ-су сөндіру өрт автомобилі 2018 жылдың 2-3 тамызында Ақтау қаласында өткен Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Түрікменстан Каспий маңы мемлекеттерінің құтқару қызметтерінің бірлескен іс-шарасы-"ТENIZ-2018" халықаралық кешенді оқу-жаттығуында пайдаланылды».

 

-АГВТ - газ-су сөндіру өрт автомобилі авиациялық турбина орналасқан жүк платформасында көлік автомобилінің шассиі болып табылады. Турбина отынының жануы кезінде төмен пайдаланылған газ ағыны түзіледі (14-тен бастап 16% дейін) оттегінің құрамы. Жоғары өтімді автомобиль платформасында оған бекітілген турбореактивті қозғалтқышы және лафетті оқпандары бар көтергіш-бұрылыс құрылғысы орнатылады. Лафеттік оқпандар газ немесе мұнай фонтанына жіберілетін газ-су ағынын жасай отырып, пайдаланылған газдар ағынына су береді.

 

АГВТ негізгі агрегаттар мен тораптардан тұрады: ТРД, көтеру-бұрылыс құрылғысы, гидрожетек жүйесі, лафетті оқпандарға су беруге арналған құбыр жүйесі және суару жүйесі, ТРД үшін отын құйылған цистерналар, қашықтан басқару пульті, тірек негізі бар.

 

Сабақ барысына Маңғыстау облысының ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің өкілдері қатысты,- делінген Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

 

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің «Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы» жолдаған хабарламада.

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему