Ақтауда өтетін халықаралық турнирге 550 самбошы қатысады
13 Мая 2017 (10:52) | 2718 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық самбо федерациясының жүлдесіне арналған «Ақтау кубогі» халықаралық турниріне 550 самбошы қатысады. Аталмыш жарыс өңірде биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Оның қатысушылары 2002-2007 жылы туған жасөспірімдер.
Турнирге еліміздің барлық өңірінен және Түркия, Армения, Тәжікстан, Якутия, Ресейден балуандар кедген. Спортшылар боз кілемде өзара 20 салмақ дәрежесі бойынша күреседі.
Бұл туралы облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен пресс-конференцияда жарысты ұйымдастырушы белгілі бапкер Манарбек Бисекеновтың өз аузынан естідік.
-Жарыстың салтанатты ашылуы 13 мамыр күні сағат 12:00-де 1- шағынаудандағы «Теннис орталығында» өтеді. Жарысты тамашалау тегін.
Өңірде кең ауқымда мұндай жарыс өткізу арқылы самбо күресінің қарқынды дамуына жағдай жасайтын боламыз.
Айта кету керек, өткен жылы ұйымдастырылған «Ақтау кубогі» халықаралық турнирінде маңғыстаулық балуандар командалық есепте бірінші орынды еншілеп, бапкерлер үмітін ақтап, аймақ абыройын асқақтатты. Бұл жолы да сол үдеден шығады деп сенемін.
Жарыста облыстың намысын 60 спортшы қорғайтын болады. Біздің спорт мектебінің самбошыларын белгілі бапкерлер Берік Жұмағалиев пен Ерлан Серіков дайындады.
Самбо күресінен өтетін жарысымыз 16-17 мамыр аралығында дзюдодан Ер Қосай атамыздың жүлдесіне арналған тоғызыншы халықаралық турнирге жалғасады. Жарысқа он мемлекеттен 800-ге жуық спортшылар қатысады деп күтілуде,-деді облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов.
Сондай-ақ жиында «Самбо күресінің дамуына зор үлес қосқаны үшін» медалімен Сергей Пахомов, Айсағали Нұғманов, Бердіқожа Боранбаев, Серік Жубауов марапатталды.
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі Берік Жұмағалиевқа және «Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін» медалі Али Сахимов, Бибігүл Төлегенова, Айнагүл Қармысоваға табысталды.
Суреттерді түсірген Ақерке Гагаринқызы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему