«Ақтау – Атамекен» бағытында қатынайтын маршрут іске қосылды
8 Октября 2020 (13:06) | 4502 |
Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Асхат Құлтанов мәлім етті.
Оның айтуынша, 2019 жылы жабылып қалған №104 «Ақтау – Атамекен – Ақтау» бағытындағы маршрут 2020 жылғы 8-ші қазаннан бастап қайта іске қосылды.
Қоғамдық көлік 7:30 - 19:30 аралығында жүреді. Бастапқы аялдама Мұнайлы ауданы мен Атамекен ауылы.
Соңғы аялдама Ақтау қаласы 34 а ш/а орналасқан «Ана мен бала орталығы».
Сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 8 (775) 330-66-95
Суреттер Қоғамдық коммуникация орталығынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему