Маңғыстау мұғалімдері әдістемелік күнге қатысты
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 09:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау мұғалімдері әдістемелік күнге қатысты

1 Марта 2020 (08:58) | 2052 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Маңғыстау облысындағы жалпы білім беру мектептерінің өнер, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық пәндерінің мұғалімдеріне әдістемелік күн ұйымдастырылды.

 

 

Әдістемелік күнді өткізудегі басты мақсат – зияткерлік мектеп ұстаздарының тәжірибесін жаңартылған білім бағдарламасы бойынша сабақ өткізіп жүрген өлке педагогтарына тарату, туындаған мәселелері мен сұрақтары бойынша әдістемелік көмек беру. Білім ордасындағы тәжірибелік күнге 100 мұғалім қатысты.

 

 

- Бүгінгі таңда жаңартылған білім бағдарламасы бойынша музыка, өнер (сурет), дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінен сабақ беретін мұғалімдерде қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруда және қалыптастырушы бағалау бойынша мәселелер бар екенін байқап жүрміз. Сол себепті де осындай әдістемелік шараны өткізуді ұйғардық, - дейді Педагогикалық шеберлік орталығының менджер-әдіскері Сәнбибі Көпбергенова.

 

 

Әдістемелік күн барысында зияткерлік мектеп мұғалімдері пән бойынша сабақ өткізіп, бақылау жүргізген әріптестерінің туындаған сауалдарына жауап берді.

 

- Біздің байқағанымыз, әлі күнге дейін мұғалімдерде қысқа мерзімді жоспар жасауда қиындықтар туындайды екен. Сонымен қоса, гуманитария бағытындағы пән мұғалімдері қалыптастырушы бағалау жүргізуде қиналады екен, - деді өнер пәнінің мұғалімі Замира Ахметова.

 

 

Білім ордасының педагогтары әріптестерін басқа күндерде де сабақ бақылауға шақырды.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему