Мақсат – студенттердің шығармашылық дамуына қолдау көрсету
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 16:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мақсат – студенттердің шығармашылық дамуына қолдау көрсету

24 Апреля 2017 (18:06) | 2397 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау энергетикалық колледжі базасында Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жасыл экономика Қазақстанның жеңісі мен жемісі» атты облыстық макеттер көрмесі өтті.

«ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау, студенттердің Отанға, ел татулығына, мемлекеттің экономикалық көркеюіне бағытталған және жаһандану жағдайы туралы түсініктерін қалыптастыру, ғылыми ойларын дамыту және қолдау көрсету, түрлі салалар іс-әрекетінде озат жұмыс тәжірибелерін анықтау мақсатында өткен көрмеге облыстың 26 колледжінің ішінен 12 колледж белсенділікпен қатысып, 42 макет қойылды.

Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті директорының м.а. К.К.Жантекеева макеттер көрмесін өткізу арқылы алдарына оқып жатқан мамандығы бойынша студенттердің қол жеткізген жетістіктерін анықтау, көрмеде жасыл технологияларды дамыту, балама қуат көздерін табу жолдарын көрсету, өнеркәсіптік жаңашылдықтар, жаңа үлгідегі өнертабыстар мен инновациялық технологияларды қолдау, жас шеберлердің қолдан жасаған бұйымдарын дәріптеу, шығармашылық дамуына қолдау көрсету міндеттерін қойып отырғандығын, көрмеге қойылған жұмыстардың ішінде таң қалдырарлық керемет өнертапқыштық туындылар да бар екендігін мақтанышпен жеткізді, - дейді Қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары жөніндегі бөлім маманы Р.Жүсіпова.

«Жаңаөзен политехникалық колледжінің студенті Бағдәулет Айтнияздың «Күн мен желден алынатын энергияны біріктіру» атты макеті күні ыстық, желді мекен Маңғыстауға қондыруға ыңғайландырылып жасалыныпты. Макет авторы көп шығын кетпейтін экономикалық жағынан да, экологиялық жағынан да тиімді құрылғыны қарапайым тілмен түсіндіріп бергенде, болашаққа қиялмен сапар шегіп қайттық.

Жел энергетика қондырғыларының макетін дайындап әкелген Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Мейірман Үйсенов өзінің жетекшісі осы оқу орнының арнайы пән оқытушысы Ғалия Түгеровамен бірге қондырғының қалай жұмыс істейтінін, Маңғыстау аймағына өте қолайлы екендігін, 3м/сек жылдамдықтағы желдің өзі энергияны алуға жеткілікті болатынын айтты. Мейірманның жұмысының өзгелерден ерекшелігі, ол бұл қондырғыны жасап, жұрттың пайдасына жаратып отыр екен.

Аманғали Өтепов – Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде оқиды. Болашақ мамандығы – дене тәрбиесі пәні мұғалімі. Оның «ЕXPO-2017» Техникалық көрмелер жобасы» тақырыбымен алып келген өнертапқыштық бұйымдары кәдімгі кардон қағазды, су құятын баклашканы,

медициналық шприц пен резинаны, т.б. осындай қолда бар заттарды қолдана отырып жасалынған. Бір қарағанда көзге қораш көрінгенмен, жарты баклашканың кейпін елестететін шағын шаңсорғыш пен компьютер дискілерінен жасалған желдеткіштің жұмысын,ойыншық бақаның аузынан су атқылағанын, сырты картон қағаздан жасалған роботтың қозғалысын, 3D көзілдірікті көргенде, студенттің шеберлігіне риза болдық»,- деген пікірін білдірді біздің басылымға осы ақпаратты жолдаған Қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары жөніндегі бөлім маманы С.Бердібек.

Жағымды жаңалықты паш еткен қос маманның мәлімдеуінше, «Көрмеге Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенттері де жақсы дайындықпен келген екен. Қобылан Ермекбаевтың «Күн энергиясын электр энергиясына термодинамикалық цикл тәсілімен түрлендіру», Ұлбосын Саламат пен Жандос Ошақбаевтың «Талшықты-оптикалық байланыс желісінің абоненттік пунктке енуі», Жанат Мұңалбаева мен Жандәулет Базарбаевтың «Мини АТС-тің көмегімен абоненттерді байланыспен қамтамасыз ету», т.б. жұмыстары олардың көп ізденетіндіктерін байқатты.

Көрмеге қойылған 42 макеттің ішінен үздік шығып, І орынды «Желдің күшімен электр энергиясын өндіру және жарықтандыру» атты макетін ұсынған О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің студенттері Тойлыбай Түркістанов пен Абдулқасым Оразов жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынға Жаңаөзен политехникалық колледжінің студенті Бағдәулет Айтнияз лайық деп танылды. Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Мейірман Үйсенов ІІІ орын жүлдегері атанды».

-Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен көрмеден түйгеніміз – небір талантты жастарымыз бар екен. Оларға қолдау көрсетіп, осындай шараларды жиі өткізіп, олардың өнерлерін шыңдай берейік,- дейді бұл жағымды жаңалықты жолдаған Қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары жөніндегі бөлімнің қос маманы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему