Атқару өндірістерін қозғаудан бас тарту мәселелері талқыланды
Курс валют в Актау
на 05/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
5 Декабря, 07:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Атқару өндірістерін қозғаудан бас тарту мәселелері талқыланды

9 Июня 2017 (10:27) | 2047 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облыстық сотында «Атқару өндірістерін қозғаудан бас тарту және негізсіз кері қайтарудағы атқару парақтары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

 

 

Іс-шараға Соттар әкімшісінің басшысының орынбасары Аманбек Калпаков, өңірлік соттардағы кеңсе меңгерушілер, жеке сот орындаушылар қатысты.

 

 

Дөңгелек үстелді аша келе А.Калпаков «Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесі мен атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл шегінде атқару парақтарын орындау үшін әділет органдары мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына электрондық құжат түрінде жіберуге қол жеткендігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, ол атқарушылық құжаттар мен санкциялауға ұсынылатын қаулыларды қағаз жүзінде ұсынуға кететін уақыттың қысқарып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірудің маңызды кепілі болып табылатын сот актілерін жедел әрі тиісінше орындауға мүмкіндік беретіндігін тілге тиек етті. Алайда, жеке сот орындаушылар тарапынан атқарушылық іс жүргізу құжаттарын қайтару себептері орын алатындығын айтып, мұндай іс-әрекеттер сот актісінің дер кезінде орындалуына кедергі келтіретіндігін атап өтті.

 

 

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар атқару құжаттарының негізсіз қайтаруға жол бермес үшін бірыңғай тәжірибе қалыптастыру қажетттігін айтып, жеке сот орындаушылар айтылған мәселелерді басты назарға алатындықтарын жеткізді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему