Тергеу изоляторындағы тәртіп мықты
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 06:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тергеу изоляторындағы тәртіп мықты

10 Апреля 2017 (17:32) | 2970 | Автор: Нурганым Имашева

 

Тергеу абақтысы болсын, мейлі түзеу мекемесі болсын – бұл бостандықты шектеу орны. Алайда тергеу изоляторының түзеу мекемелеріне қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар екені анық. Ең алдымен бұл емін-еркін жүруге тыйым салынған жер. Яғни, еркіндікке мүлде жол берілмейтін орын болып табылады.

            Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ГМ-172/10 мекемесі осындай санаттағы тергеу изоляторы. Аталмыш мекемеде тәртіп пен режимді, тәрбиені, денсаулықты және тағы басқа жағдайларды қатаң қадағалайтын мамандар қызмет етеді. Көпшілік үшін жабық мекеме болғандықтан, мұндағы тексеріп-бақылау қызметі күшейтілген режімде қызмет атқарады.

            ҚР ІІМ жарамды нұсқаулары мен түзеу мекемелерінде ұсталынған адамдарды бақылау бойынша нұсқау, ішкі тәртіп ережелері, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-Атқару Комитеті тергеу изоляторында сотталғандарға берілген категория бойынша ұстау тәртібі қамтамасыз етілген.

            Күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау шарттары, қазіргі ережелерге сәйкес және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен және басқа да заңдармен реттеледі.

            Қазақ халқының батыр ұлы, «Халық қаһарманы», даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген адам - құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген қанатты сөзін негізге алған тергеу изоляторының басшылық құрамы мекеменің жеке құрамы арасында тәртіптің қатаң сақталуын үнемі назардан тыс қалдырған емес.

            Осы мақсатта мекеменің басшылығы тарапынан жеке құрам арасында әрдайым сыбайлас жемқорлықтың, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында, мемлекеттік қызметшілердін әдеп кодексінің талаптарының бұзылуына қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

                      Оң нәтижелі де, жемісті жұмыстың арқасында нақты осы күнге дейін мекеменің жеке құрамы арасында бірде-бір тәртіп бұзушылық фактілері орын алған емес. Отан алдындағы берген серттеріне берік болып, қызметтік міндеттерін адал атқарумен қатар, жеке құрам сарбаздары иықтарына артылған жоғары жауапкершілік жүгінің салмағын сезінетіндерін байқатуда. Жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру бағытында мекемеде әскери саптық дайындық сабақтары бекітілген кестеге сай ұдайы өткізіліп, физикалық жағынан мықты болуы үшін дене шынықтыру мәселесіне де жете көңіл бөлініп отырады.

Алдағы уақытта да мекеме басшылығы тарапынан жеке құрам қызметкерлерінің тәртіптік жағдайы әрдайым қатаң бақылауда болатыны анық.

            Бұл туралы біздің басылымға ГМ-172/10 мекемесінің кадр жұмысы бөлімшесінің кәсіби даярлық бойынша аға инспекторы әділет лейтенанты Абай Исламов хабарлады.  

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему