Университет басшылығымен маңызды кездесу
21 Июля 2023 (17:55) | 4893 | Автор: Редакция
18 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті президентінің міндетін атқарушы Қайырбек Қалданбекұлы Макуловпен кездесті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет заңнамасына енген жаңашылдықтар, аумақтық департамент пен университет арасындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеру, өңірде жас мемлекеттік қызметші мектебі жобасын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар, қыркүйек айынан бастау алатын таланттар пулын қалыптастыру, студенттер арасында ақпараттық түсіндірме жұмысын күшейту және т.б. өзекті мәселелер талқыланды.
Университет басшысы Агенттіктің аумақтық департаментінің бастамаларын әрқашан қолдайтындығын және мемлекеттік қызметтің қызметтің оң имиджін қалыптастыруға барынша ықпал ететіндігін жеткізді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему