«Балаңыз жол жүру ережелерін біле ме?»
26 Сентября 2016 (20:00) | 1994 |
Автор: Нурганым Имашева
Осылай аталған акция Қазақстанның теңіз астанасында қала әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан орталық автокөлік жолында өткізілді.
Іс-шараны салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары облыстық орталығының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қолдау-Қазақстан» көпсалалы коммерциялық емес холдингі Ақтау қалалық ішкі істер бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды.
«Қолдау-Қазақстан» КСКЕХ директоры Ләззат Досметованың айтуынша, акция мақсаты – балалар арасындағы жол-көліктік жарақаттануының алдын алу.
Ақтау қалалық ішкі істер бөлімі қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшесінің инспекторлары Айбек Алипбаев пен Ян Садыкин өтіп жатқан автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерге сыпайы түрде балалар арасындағы жол-көліктік жарақаттанудың алдын алу жөнінде айтып, «Жылдамдықты шектен тыс асыру өмір үшін қауіпті!», «Балаларға арналған автокөліктік тұтқыр құрылғылар туралы» және т. б. тақырыптардағы буклеттер мен брошюраларды таратты.
- Иә, расында да біздер, жүргізушілер, кейбір жағдайларда асығып жүріп, осындай қарапайым болса да адам өмірі мен денсаулығы үшін маңызды қауіпсіздік ережелері туралы ұмытып кетеміз. Осы тұрғыдан қарағанда, өткізіліп жатқан акция өте керек шара», - деп, Жарас есімді жүргізуші өз пікірімен бөлісті.
Өз кезегінде, «Қолдау-Қазақстан» қызметкерлері мен еріктілері қала тұрғындары мен қонақтары арасында жол-көліктік жарақаттанудың алдын алуы бойынша социологиялық сауалнама жүргізді.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему