Ақтауда 2023 жылы IT-хаб ашу жоспарланып отыр
17 Февраля 2023 (17:25) | 2116 |
Автор: Редакция
Ақтауда 2023 жылы Маңғыстау облысының әкімдігі және инвесторлардың бірлесуімен IT-хаб ашу жоспарлануда. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Хадиев хабарлады.
Спикердің айтуынша, IT - хаб құру облыстағы цифрландыру деңгейін арттырып, ақпараттық-коммуникациялық өнімдерді әзірлеуге көмектеседі.
- IT мамандарын оқытып, жаңа жобалар мен стартаптарды жүзеге асыру үшін гранттарды бөліп, жаңа жұмыс орындарын құру көзделіп отыр. Түпкі нәтиже – нарыққа сапалы ІТ мамандарды дайындап өңіріміздегі цифрландыруды жоғары деңгейге жеткізу. Бұл саланың дамуы Маңғыстаудың стартаперлеріне инвестицияларды тартуға, өнімдерін халықаралық деңгейге шығаруға пайдалы болмақ, - деді Айдын Хадиев.
Сондай-ақ, брифинг барысында спикер цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. 2020-2022 жылдар аралығында «250+» бағдарламасына енгізілген 18 ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) технологиясы бойынша интернет және 4G мобильді интернет толық іске қосылған. Нәтижесінде Тәжен, Құланды, Сенек, Онды, Жыңғылды, Тұщықұдық, Шайыр, Шебір, Ақшымырау, Қызан, Батыр ауылы кең жолақты интернетке қосылған. Бүгінде Ақтау мен Жаңаөзен қаласын есептемегенде, облыста ұялы байланыс операторларының 174 базалық станциялары қызмет атқарады.
Спикердің айтуынша, қоғамдық көліктер де кезең-кезеңімен
цифрландыру жүйесіне өткен. 2022 жылдың қорытындысына сәйкес, жолаушылардың басым бөлігі жол ақысын электронды түрде төлеген. Яғни, жолаушылар ыңғайлы және ашық төлем жүйелерін жасай алады. Сондай-ақ, автобустың маршрутын электронды түрде бақылауға болады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему