«Парасыз болашаққа бірге» шарасы өтті
10 Апреля 2017 (17:12) | 2054 | Автор: Мира Ботабекова
Жыл басында елімізде "Парасыз болашаққа бірге" атты мобильді топ құрылған еді. Бүгін осы топ мүшелерінің және ақтаулық жастардың қатысуымен жастар флешмобы өтті. Теңіз жағалауына жиылған жастар "Парасыз болашаққа бірге" деп ұрандатып, ән айтып, би биледі.
Мобильді топ құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, спортшылар мен қоғам қайраткерлері енген. Бұл топтың мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Мобильді топ алда барлық еңбек ұжымдарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелер бойынша жеке қабылдаулар өткізбек. Бұндай жұмыстар жыл соңына дейін аудан-ауылдарда да жалғасады.
Ерлеген МЕҢДАЛИЕВ - облыстық мемлекеттік ҚІС және СЖҚ агенттігінің департамент басшысының м.а:
-Негізігі мақсаты- қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру. Мемлекттік органдарга деген сенімді арттыру. Бүгін "Парасыз болашақ бірге" деп ұрандап жатырмыз. Жастар келіп қолдап жатыр. Біз барлығымыз қоғамды осы жұмысқа жұмылдыратын боласақ осы індетпен күресудің жақсы жолы деп санаймыз.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему