Ақтауда жемқорлыққа қарсы ерекше квест өтті
27 Ноября 2019 (10:27) | 2463 | Автор: Нурганым Имашева
Ағымдағы жылғы 8 қараша күні Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы және "Азаматтық құқық" жеке меншік ұйымының ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа жол жоқ" атты тақырыпта марафон квест өткізілді.
Шараға Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Алдын алу және парасаттылық басқармасының мамандары, мемлекеттік қызметшілер және "Жас Отан" жастар қанатының өкілдері қатысты.
Қатысушылар төрт командаға бөлініп алты деңгейден тұратын сайыстардан өтті. Бір ерекшелігі әр тапсырма өзіне белгіленген жерде эстафеталық ойындар, сұрақ-жауаптар, фото байқау және қызықты ойындар түрінде өткізілді.
Нәтижесінде 4 команданың ішінде 1-ші орынды "Адал" тобы иеленіп, барлық қатысушы командаларға дипломдар табысталды.
Фотоны ұсынған баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему