Маңғыстауда Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне әскерге шақыру басталды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 21:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне әскерге шақыру басталды

8 Апреля 2021 (13:44) | 2185 | Автор: Редакция

2021 жылдың көктемінде Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне 650-ден астам ер-азаматты әскерге шақыру жоспарланды.

 

 

Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдар әскерге шақыру және медициналық комиссиялар құрды.

 

Оның құрамына денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қарулы Күштер, жергілікті соғыс ардагерлері және дін жүйесінің өкілдері кіреді. Ал, комиссия төрағасы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

 

Әр әскер түрлерінде белгілі бір талаптар бар, сол талаптар бойынша әскерге шақырылушы қандай әскери бөлімдерде қызмет ететіні белгіленеді. Көрсетілген комиссияның қабылданған шешімінің негізінде жастар әскерге жолданады.

 

- Қазіргі кезде өңірде әскери бөлімдеріне шақыру жұмыстары жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара қызметі жас сарбаздармен толықты. Ал маусым айында Ұлттық ұланды жасақтау жоспарлы түрде жүргізіледі, - деп атап өтті Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Мақсат Тастанов.

 

Бұл ретте әскерге шақырылушылар және Қарулы Күштерін жасақтауға тартылған лауазымды тұлғалар арасында коронавирустық инфекцияның таралмауының алдын алу үшін әскерге шақыру пункттердің кіреберіс жерлерінде медициналық посттар орнатылды. Жас буынды салтанатты шығарып салу тоқтатылды. Облыстық медициналық комиссиялар құрамдарына дәрігер-инфекционистер қосылды.

 

Әскерге шақырылғаннан және әскери бөлімдерге келгеннен кейін оларды екі апталық карантинге оқшаулай отырып жас буынға ПТР-зерттеу әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Карантин кезінде жас буынға медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерделеу, сондай-ақ бастапқы әскери дайындық жүргізіледі. Жалпы, әскер жастарды тәртіпке, жауапкершілікке, шыдамды болуға үйретеді.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему