Мұнайлыда 7 көшені су басты
21 Марта 2017 (16:15) | 2058 | Автор: Мира Ботабекова
Бүгін Маңғыстау облысында жаңбыр мөлшері әдеттегіден көп түсіп, бірнеше көшені, үй мен орындарды су басты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, Басқұдық ауылында Сұңқар, Әділет, Жадыра, Мереке көшелері мен ондағы бірнеше үйдің ауласын су басты.
Нөсерден Атамекен ауылының тұрғындары да зардап шекті. Атамекен ауылындағы Қызқалдақ, Көктем көшелеріндегі барлық үйдің ауласы мен №215 үйдің ішін де су басты.
Суды сору жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің 20 техникасы мен 60-қа жуық қызметкері жұмылдырылды.
Ал, Ақтаудағы 3 шағын аудандағы «Мағаш» кафесінің ауласын, 4 шағын аудандағы «Каспийан Ревейра» қонақүйі мен 12 шағын аудандағы «Ақтау» СОО, 14 шағын аудандағы облыстық әкімдік , осы шағын аудандағы «Арго» кафесінің және 30 шағын аудандағы Ш.Есенов атындағы университет ғимараты мен 31 «А», 32 «Б» шағын аудандарындағы кей жерлерді су басып, оларды сору жұмыстары атқарылды.
Жолда кетіп бара жатып көліктерінің нөмірлерін жоғалтып алған жұргізушілер де болды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему