Маңғыстау облысының жол сапасына мониторинг жүргізілді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 19:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының жол сапасына мониторинг жүргізілді

13 Сентября 2019 (10:09) | 3544 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысында «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен автомобиль жолдары және көліктік бақылау саласындағы жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына кешенді мониторинг жұмыстары жүргізілді.

 

 

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

 

- Шараға «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Ақтау қаласы бойынша филиалы, бұқаралық ақпарат құралдары және Арнайы мониторингтік топ өкілдері қатысты.

 

 

Мониторинг барысында Жаңаөзен-Сенек, тас жолында салынып жатқан жолдардың құрылыс сапасына бақылау жүргізілді.

 

Жұмыс аясында асфальтты арнайы аппаратпен ойып, оның құрамы мен стандарттары жылжымалы зертханамен тексерілетін болады. Сонымен қатар, жолдың ені мен көлемі де назардан тыс қалмайды.

 

 

Сондай-ақ, алдағы уақытта аталған жоба аясында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелерінде жылжымалы зертханалардың шығуымен мониторинг жұмыстары жиі жүргізілетін болады,- делінген Департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему