Шалғай ауылдарда дзюдо мен самбо күресінен секциялар ашылды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 11:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шалғай ауылдарда дзюдо мен самбо күресінен секциялар ашылды

12 Сентября 2017 (23:16) | 2338 | Автор: Нурганым Имашева

Жақын күндері Бейнеу аудынында, Сарға, Боранқұл ауылдарында, Маңғыстау ауданының Ақшымырау, Қызан, Шебір, Жармыш ауылдарында облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалдары жұмысын бастап, ауыл балаларына арналған дзюдо мен самбо күресінің секциялары ашылды.

Спорт секцияларына 300-ден астам ұл мен қыз қабылданып, жаттығуды бастап та кетті. Игі бастаманы ауыл халқы да қуана қолдап, бапкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

-Шалғай жатқан ауылдарда спортты көтеріп, балалардың спортпен айналысып, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын сақтауын мақсат тұтқан секцияның болашағынан үлкен үміт күтеміз.

Дзюдо, самбо күресіне икемі бар, физикалық тұрғыдан дайын балалардың барлығын секцияларға қатыстырып жатырмыз.

Нағыз мықты балуандар ауылдан шығады. Өйткені, ауылдың баласы өте намысшыл, физикалық тұрғыдан мықты болады.

Әрине, оларды жарысқа дайындайтын бапкердің де тәжірибиелі болғаны жақсы. Бапкер психологиялық тұрғыда мықты, шапшаң шешім қабылдайтын, төзімді адам болуы керек.

Әсіресе, жауапкершілік тұрғысынан алғанда, арқалайтын жүгі ауыр. Бүкіл елдің бет-бейнесі болатын жауынгер жігіттерді тәрбиелеу, жарысқа баптап қосу, сенім үдесінен шығу да оңай шаруа емес.

Сондықтан да, бұл жерде жастарды жарысқа білікті бапкерлер, өз ісінің кәсіби шеберлері дайындайды.

Дзюдо мен самбо күресінің секциялары жеті ауылда «Жас батыр» спорт мектебінің филиалы ретінде ашылып отыр. Біздің бастамамызға қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғысымды айтамын.

Одан бөлек, облыста қыздар арасында дзюдо мен самбо күресін дамыту үшін КСРО-ның спорт шебері, белгілі бапкер Мәншүк Баданованы арнайы шақырдық. Сонымен қатар ҚР спорт шебері Балнұр Аппазова да қыздарды жарыстарға дайындап, қыздар арасында чемпиондарды шығаруға атсалысатын болады. Азия, Әлем чемпионаттарына қатысатын балуандарды физикалық тұрғыда (аяқ пен қолға дұрыс күш қою) ұзақ жылдар бодибилдингпен айналысқан Нұрсұлтан Амантай атты азамат дайындайтын болады,-деген облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов алдағы уақытта дзюдо мен самбо секциялары Қарақия ауданы мен Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында ашылатынын жеткізді.

Сарға ауылының тұрғыны Асылан Жәлеловтың бала кезден арманы -туған ауылының балаларын спортқа баулып, ауылдан «мықты» балуандарды шығарып, дүбірлі додаларға қатыстыру болатын. Ол бүгінде сол арманына қол жеткізіп, ауылында ашылған самбо және дзюдо секциясының бапкері

болып тағайындалды. Жас бапкердің қарамағында ауылдың 60 баласы жаттығып, тәлім алмақ.

-Мені дзюдо күресіне 8 жасымда әкем жетелеп әкелген болатын. Белгілі бапкер Талғат Есекеновтан тәлім алып жүріп, бірнеше республикалық, халықаралық жарыстарда жүлдегер атандым.

Алайда, Олимпиада төрінде өнер көрсете алмадым. Сондықтан да мен бағындырмаған белестерді бүгінгі шәкірттерім бағындырса, туған ауылымнан Олимпиада чемпиондары шықса деген арманым бар. Сол жолда тынбай енбектенетін боламын ,-дейді жас бапкер Асылан Жәлелов.

Бейнеу ауданындағы дзюдо мен самбо күресінің секцияларынан жас балуандарды Ғарифулла Бисенбаев, Сарғадан Асылан Жәлелов, Боранқұлдан Алтай Байменов, Қызаннан Жарыс Тілембаев, Жармыштан Нұрлы Қомшабаев, Шебірден Досболат Ахметов, Жыңғылдыдан Нұржан Айдынғалиев, Ақшымыраудан Алқабай Ықыласұлы, Шайырдан Асылан Азаматов дайындап, жаттықтырады.

-Жалпы маған балалармен жұмыс жасаған ұнайды. Спорт саласында жүргеніме 20 жылға жуық уақыт болыпты.

Сондықтан да осы уақытқа дейін жинақтаған тәжірибемді дзюдоның дамуына, өзімнің үйренгендерімді шәкірттердің бойына дарытуға, ауылдан чемпиондарды шығарып, ауыл намысын абыроймен қорғауға жұмсайтын боламын.

Бұл жерде дзюдо мен самбо күресімен айналысу үшін барлық жағдай жасалған татами, балаларға арнайы киімдер, қажетті дүниелер сатылып алынған,-дейді Шебір ауылының бапкері Досболат Ахметов.

Болашағын спортпен байланыстыратын жеткіншектер де ауылда дзюдо мен самбо күресінің секциялары ашылғанына дән риза. Олар бұл күнді ұзақ күткен-ді. Енді оқудан тыс уақытта балалар салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылданып, уақыттарын тиімді өткізетін болады.

-Ауылымызда дзюдо мен самбо күресі секцияларының ашылғанына өте қуаныштымын. Болашақта Елдос Сметов ағамыздай Олимпиада төрінде өнер көрсетуді армандаймын. Ол үшін мықты дайындық керек және оқуда да озат болғаның дұрыс. Сондықтан да бапкерлерімнің айтқанын бұлжытпай орындап, дайындықтан қалмауға тырысамын,-дейді Сарға аулының жас балуаны Арман Дәулетов.

Сондай-ақ ауыл балаларына арнап Азия чемпионатының жеңімпаздары, Азия кубогының жүлдегерлері, білекті балуандар Бауыржан Нарбаев, Сұңғат Жұбатқан, Бауыржан Сағынғалиұлы, Рамазан Мамаев шеберлік сабақтарын өткізді.

(сурет авторы-Талант Құсайын)

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему