Түнгі қаладағы балалар
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 16:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түнгі қаладағы балалар

5 Марта 2017 (10:37) | 4750 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

«Ақтауда «Түнгі қаладағы балалар» рейді өтті»,-деп хабарлайды «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы. Шараны жергілікті полиция қызметіне қарасты ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды. Жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған шара алдымен 26, 28 шағын аудандардағы компьютерлік клубтарды аралаудан басталды. Рейд барысында кәмелеттік жасқа толмаған он бала ұсталды. Хаттама толтырылып, ата-аналарына айыппұл салынды.

 

Уақыт түнгі 23.43. 2-ші шағын аудандағы дәмхана. Ересек жігіттердің қасында жасөспірім жүр. Ағасына ере келіпті. "Жаңа келдім" деп ақталуда. Ағасы да інісін қорғап, бір туғанын дәлелдеуге тырысып-ақ жатыр. Бірақ, оны куәландыратын құжаты жоқ. Ағасы куәлігін әкелу үшін үйіне кетті, ал 12 жастағы інісі бөлімшеге жеткізілді.

 

Интернет клубтар мен ойын сауық орындары ғана емес, тәртіп сақшылары дәмханаларға да барып, жұмысшыларды тексерді. Себебі, ақша табу үшін түнгі жұмысқа шығатын оқушылар да бар. Мамандар аралған келесі алты нысанда жасаөспірімдер болмағанымен өзге бір заңбұзушылық анықталды. Көпшілік тамақтанатын орында қор-қор сатылуда. Бұл әрине талапқа қайшы.

 

Заңды белден басқан дәмхана иесі шақырылды. Алайда түсінік беруге 17 жастағы өрімдей жігіт келді. Бұл да заңға қайшы.

 

Көп ұзамай баланың әкесі де жетті. Қор-қор сатып қана қоймай баласының беймезгіл уақытта жүруін қадағаламаған кәсіпкерге хаттама толтырылды. Жалпы "Түнгі қаладағы балалар" рейдтік тексеруі кезінде 10 заңбұзушылық тіркелді.

 

Серік Шудабаев, Ақтау қалалық ІІБ ЖПҚ ювеналды полиция қызметінің аға инспекторы:

-Түнгі мезгілде ата-анасыз, заңды өкілсіз, атап айтқанда ата-анасының еріп жүрмеуінсіз далада қаңғыбатсықпен айналысып жүрген кәмлеткен толмаған балалар ұсталды. Үш бала бейімдеу орталығына жіберілді. Олар басқа аудандардан келген.

 

Рейдтік шара наурыздың 6-сына дейін жалғасады. Тәртіп сақшылары балалардың түнде жүруі қылмысқа жетелейтінін айтады. Сондықтан кәмелетке толмағандарды қадағалау қажет. Егер баласы бір емес екінші рет түнде ұсталса, ата-ана 34 000 теңге айыппұл төлейді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему